
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына қатысты республикалық референдум өтеді.
Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігіндегі) Бас консулдығы жанындағы № 459 референдум учаскесі құрылды. Ол 2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.
Бас консулдықтың мекен-жайы: Al-Mustaqar str. 16, Al-Khalidiya District, Jeddah 55615
Қазақстанның 18 жасқа толған белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сіздің деректеріңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы, өз құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.
Референдумда дауыс беру бюллетень негізінде жүзеге асырылады. Бас консулдық жанындағы №459 учаскеде +966 58 066 0820 телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз.
Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Бас консулдықтың бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларымен танысуға болады.