Өңірдегі жағдайдың ушығуына және Парсы шығанағының бірқатар мемлекеттерінде, оның ішінде Сауд Арабиясының әуежайларынан орындалатын кейбір бағыттар бойынша әуе кеңістігінің жабылуына байланысты, қазақстандық әуе компанияларының Таяу Шығыс елдеріне жоспарланған барлық рейстері алдағы күндері тоқтатылғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі мен Бас консулдығы Корольдік аумағында жүрген ҚР азаматтарына өз рейстері бойынша әуе компанияларының жаңартылған ақпаратын тұрақты түрде қадағалауды, сондай-ақ алдағы аптадағы әуе қатынасы кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады.
Бұдан бөлек, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, әскери нысандарға жақындамау, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және Сауд Арабиясы Корольдігінің құзырлы органдарының нұсқауларын орындау қатаң түрде ұсынылады.
ҚР азаматтарына Қазақстанға оралу үшін баламалы әуе рейстерін пайдалану ұсынылады. Шетелдік әуе компаниялары жүзеге асыратын әуе тасымалдарының қауіпсіздігі үшін Бас консулдық жауапкершілік алмайды.
Әуе билеттерін қайтару немесе айырбастау мәселелері бойынша өтемақы не қаражатты қайтару мәселесін шешу үшін тікелей әуе компанияларына жүгіну қажет.
Ұшып кете алмаған және Сауд Арабиясы Корольдігінің әуежайларында мәжбүрлі түрде қалып қойған ҚР азаматтары үшін ҚР Елшілігі мен Бас консулдығы сіздердің Корольдікте қауіпсіз болуыңыз және Қазақстанға оралуыңызға байланысты мәселелерді жедел үйлестіру мақсатында WhatsApp топтарын құрды Рияд және Жидда қалалары үшін:
https://chat.whatsapp.com/JoSSzyyadmjGaDYmY2Te5C
Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
Рияд қаласындағы Елшіліктің жедел байланыс телефондары:
+966556630177
+966556780411
Жидда қаласындағы ҚР Бас консулдығының жедел байланыс телефондары:
+966505473698
+966580660820
+966503010464
ҚР-ның Рияд және Жидда қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауда және қажет болған жағдайда азаматтарды ықтимал өзгерістер туралы жедел түрде хабардар етеді.