Қазақстан Жидда қаласында өткен қайырымдылық фестиваліне қатысты

Қазақстан Жидда қаласында өткен қайырымдылық фестиваліне қатысты

Жидда қ., 2026 жылғы 8 ақпан – Қазақстан ү.ж. 5–7 ақпан аралығында Жидда қаласында өткен «Ізгі іс жолындағы бір кесе» (A Cup for a Good Cause) атты жыл сайынғы қайырымдылық фестиваліне қатысты.

Жидда қаласының Бірінші Әйелдер Қайырымдылық Қауымдастығы (Jeddah First Women's Charity Association) ұйымдастырған іс-шараға түрлі елдерден келген 100-ден астам қатысушы, оның ішінде 13 мемлекеттің Бас консулдықтар қатысып, өз елдерінің мәдени және ұлттық көрмелерін таныстырды. Фестиваль барысында жиналған қаражат аз қамтылған отбасылар мен балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.

Аталған іс-шараға Қазақстанның қатысуы Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығының белсенді қолдауымен қамтамасыз етіліп, Сауд Арабиясы Корольдігімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс аясында жүзеге асырылды.

Жидда қаласында тұратын қазақ диаспорасының әйелдері өздерінің жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Қазақстандық әйелдер ұлттық стендтің дайындалуына белсенді қатысып, келушілерді қонақжай қарсы алып, баурсақ, қазы, буйрек, чак-чак, самса, ірімшік, қытырлақ, тары қосылған чизкейк, шай және, әрине, танымал қазақстандық шоколад сияқты ұлттық тағамдармен таныстырды.

Қазақстанның ұлттық экспозициясы фестивальге келушілер мен халықаралық қоғамдастық өкілдері тарапынан зор қызығушылық тудырды. Фестиваль шеңберінде іс-шара қонақтары еліміздің мәдениетімен, ұлттық дәстүрлерімен, дәстүрлі тұрмыс элементтерімен, сондай-ақ қазақ ұлттық асханасының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ұсынылған материалдар мен экспозициялар қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасы туралы түсінікті кеңейтуге ықпал етті.

Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына Қазақстанның мәдени және танымдық туристік маршруттары ұсынылды. Оларға тарихи қалалар, сәулет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары және этнотуристік бағыттар кіріп, халқымыздың дәстүрлері мен тұрмысын таныстыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына Қазақстанның мәдени және танымдық туристік маршруттары ұсынылды, оған тарихи қалалар, сәулет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары және этнотуристік орындар кіріп, халқымыздың дәстүрлері мен тұрмысын таныстыруға мүмкіндік берді. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтар ел табиғатының сан қырлығын – көркем каньондар мен шексіз далалардан бастап, таулы ландшафттар мен көлдерге дейін – жан-жақты танысу мүмкіндігіне ие болды.

Үш күндік мәдени іс-шараның қорытындысы бойынша фестиваль қатысушылары естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен қазақстандық диаспора «Өз Елінің мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттаудағы белсенді қатысуы үшін» арнайы естелік сыйлықпен марапатталды.

Іс-шара ұйымдастырушылары — Жидданың Бірінші Әйелдер Қайырымдылық Қауымдастығы (Jeddah First Women's Charity Association) және Қауымдастықтың Басқарма төрайымы Др. Хала Али Хасан қазақ диаспорасына ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді лайықты дәрежеде танытқаны үшін алғыс білдіріп, мәдени өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов фестивальдегі Қазақстанның сәтті нәтижесіне Жиддадағы қазақ диаспорасының белсенді қатысуы мен үйлесімді командалық жұмыстың ықпал еткенін атап өтті.