
Медина, 2025 жылғы 26 қазан – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Медина қаласындағы Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрлігі бөлімшесінің Бас директоры Ибрахим Әл-Субхимен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, туристік және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Консулдық өзара іс-қимылға, сондай-ақ Медина қаласында тұратын және оқып жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Бас консул Медина Ислам университетінде білім алып жүрген қазақстандық студенттердің, қажылардың және әртүрлі себептермен күрделі жағдайға тап болатын жекелеген азаматтардың жағдайына байланысты бірқатар мәселелерді атап өтті.
Өз кезегінде саудиялық дипломат екі ел арасындағы қарым-қатынастардың оң даму серпінін атап өтіп, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың нығая түскенін атап көрсетті. Ибрахим әл-Субхи қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, әрі қарай да конструктивті ынтымақтастық жалғасады деген үмітін жеткізді.