Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Сауд геологиялық қызметімен кездесті

Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Сауд геологиялық қызметімен кездесті

Жидда, 2025 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Сауд геологиялық қызметінің Бас директоры Абдулла Әл-Шамранимен кездесті.

Тараптар геологиялық барлау және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Бас директор Қазақстанға жасаған жуырдағы сапарын атап өтіп, Сауд Арабиясының әріптестікті жалғастыруға дайын екенін растады.