Хабарландыру

Хабарландыру

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Бас консулдығы Корольдік аумағында жүрген отандастарымызға қырағылық танытып, соңғы жаңалықтар мен Сауд Арабиясы билігінің ресми ескертулерін мұқият қадағалауды ұсынады.

Жағдайдың одан әрі ушығуы мен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне мүмкін қатерлер төнуі жағдайы туындаған кезде, Елшілік пен Бас консулдықтың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы отандастарымызды жедел түрде хабардар ететін болады.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтарына төмендегі нөмірлер бойынша қоңырау шалуға болады болады: +966 55 663 01 77 – Эр-Рияд қ. консул, +966 50 547 36 98 – Жидда қ. консул.