Жидда, 2025 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығында «Хадж-2025» қазақстандық автоэкспедициясының қатысушыларын жылы қабылданды. Қажылық сапарын аяқтаған қажылар Ержан Слямбеков, Айдар Кұрманов, Қанат Саимов және Леонид Паязитов ҚР-ның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспановпен және дипломаттармен кездесті.
Қазақстандық қажылар Семей қаласынан бастап, Астана, Ақтөбе, Атырау қалалары, әрі қарай Ресей Федерациясы, Грузия, Түркия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері арқылы өтіп, Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядтан қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына жеткен, ұзындығы шамамен 10 мың шақырым болатын сапарлары жайлы әсерлерімен бөлісті.
Олар аталған мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктерге сапарларын ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін ерекше алғыстарын білдірді.
Өз кезегінде Бас консулдықтың дипломаттары бұл бастаманы жоғары бағалап, қатысушылардың төзімділігі мен рухын ерекше атап өтіп, отанына аман-есен оралуға тілек білдірді.
Бас консул Руслан Қоспановтың айтуынша, мұндай бастамалардың маңызы зор, себебі олар рухани құндылықтардың нығаюына және мәдениетаралық диалогтың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл экспедицияның сәтті өтуі шетелде Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қосады.