Джакарта, 2025 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов «Нахдлатул Улама» Атқарушы кеңесінің Бас Төрағасы Яхья Холил Стақуфпен кездесті.
Әлемдегі ең ірі мұсылман бірлестігінің басшысымен сұхбаттың негізгі тақырыбы ү.ж. 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIIІ съезіне индонезиялық тараптың қатысуы болды. Форум болашақты біріге құрудағы дінаралық диалогтың рөліне арналатын болады.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстандағы ағымдағы қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалмен, елде дін саласында жүргізіліп жатқан саясатпен және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үшін атқарылып отырған шаралармен таныстырды.
Тараптар, сонымен бірге, екі мемлекеттің діни университеттері арасында студенттік алмасуларды, сондай-ақ, исламдық банкинг пен қаржы аясындағы экономикалық ынтымақтастықты қоса алғанда қазақстандық-индонезиялық ынтымақтастықтың болашақтары туралы пікір алмасты.
1926 ж. құрылған Нахдлатул Улама Индонезияда исламды оқытуды қолдаумен, қайырымдылық және білім беру қызметімен айналысатын әлемдегі ең ірі тәуелсіз исламдық ұйымдардың бірі болып табылады.