Қазақстан Индонезияның өңірлерімен ынтымақтастықты арттыруда

Қазақстан Индонезияның өңірлерімен ынтымақтастықты арттыруда
Денпасар, 2024 жылғы 21 наурыз – Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Бали өлкесінің хатшысы Дева Маде Индрамен кездесті. Оның барысында, Қазақстан мен Индонезия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары егжей-тегжейлі талқыланды.
Дипломат екіжақты ықпалдастықтың ағымдағы жағдайы мен келешектері туралы ақпарат беріп, оны одан әрі кеңейту жөніндегі ойларымен бөлісті.
Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристтік салаларда бірлескен жұмыстың жоғары әлеуетін атап өтті.
Дева Маде Индра өлкенің экономикалық тұстарымен таныстырып, қазақстандық кәсіпкерлерге өзара сауда мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда барынша көмек көрсетуге дайындығын мәлімдеді.
Елші еліміздің тарихымен, қазақ мәдениетінің салт-дәстүрімен таныстырып, сұхбаттасушыны Индонезиядағы қазақстандықтардың қауымдастығымен бірге Наурыз мейрамын атап өтуге шақырды.