2023 жылғы 21 қарашада Қазақстанның Джакартадағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасы СІМ Протоколдық және консулдық мәселелер жөніндегі бас директоры Энди Рахмиантоға сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.
Әңгіме барысында дипломаттар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған 30 жыл ішінде (1993-2023 жылдар) өзара іс-қимылдың барлық салаларында үлкен прогреске қол жеткізілгені атап өтілді.
Қолда бар зор әлеуетті және жақындасуға деген өзара ұмтылысты ескере отырып, тараптар екі халық арасындағы барлық деңгейдегі саяси диалогты, іскерлік және адами байланыстарды жандандыру үшін барынша күш салу қажеттігін атап өтті.