АСТАНА МЕН ДЖАКАРТА АКАДЕМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУДА

АСТАНА МЕН ДЖАКАРТА АКАДЕМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУДА

2023 жылғы 18-20 қарашада Nazarbayev University делегациясы Джакарта қаласында өткен халықаралық білім беру көрмесіне қатысып, Индонезияның жетекші университеттерінің басшылығымен кездесулер өткізді.

Nazarbayev University білім беру гранттары туралы ақпарат ұсынылған қазақстандық стенд индонезиялық талапкерлер арасында шынайы қызығушылық тудырды. Білім беру көрмесіне жиырма елден жүзден астам оқу орындары, оның ішінде Канада, АҚШ, ҚХР-дың белгілі жоғарғы оқу орындары қатысты.

Гаджа Мада университетінің өкілдерімен кездесу барысында қазақстандық делегация экономика және бизнес бойынша онлайн-курстарды бірлесіп өткізуге және екі университеттің студенттері үшін қысқа жазғы тілдік бағдарламаларды әзірлеуге бастамашылық жасады.

Индонезия университетімен тау-кен және геология ғылымдары, геотермалдық энергетика саласында бірлескен зерттеулер мен жарияланымдар жүргізу туралы пікір алмасу жүзеге асырылды, университеттер арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы ұсыныс айтылды.

«UPNVJ» ұлттық даму университетімен өзара іс-қимыл шеңберінде компьютерлік технологиялар және денсаулық сақтау саласында онлайн-семинарлар мен вебинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ қысқа мерзімге шақырылған профессорлармен алмасу ұсынылды.