2023 жылғы 11 тамызда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Филиппиндердің Сауда-өнеркәсіп палатасы басшыларының кездесуі өтті. Онда іскерлік өзара іс-қимыл перспективалары бойынша пікір алмасу және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.
Бұл кездесу Қазақстан мен Филиппиндер кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстарды тереңдетуге және жемісті әріптестік құруға деген ұмтылысты көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар екі елдегі бизнес-тәжірибелер туралы ақпарат алмасуға және ынтымақтастықтың әлеуетті салаларын анықтауға бағытталған сараптамалық консультациялар ұйымдастыруға келісті. Сонымен қатар, B2B кездесулер форматын қоса алғанда, Қазақстан-Филиппиндер бизнес-форумын ұйымдастыру, Қазақстан-Филиппиндер іскерлік кеңесін құру, сондай-ақ бизнес-делегациялардың сапарларымен өзара алмасу жоспарлары белгіленді.