ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІ ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2023 жылғы 13 қаңтарда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның Қорғаныс министрі Прабово Субиантомен кездесіп, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Тараптар қазақстандық және индонезиялық әскери қызметшілерді Индонезия мен Қазақстанда ұйымдастырылатын бітімгершілік даярлық бойынша курстарға жіберу, қару-жарақ пен әскери техника көрмелеріне бірлесіп қатысу, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі елдің қорғаныс министрліктері желісі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Бұған дейін, 2021 жылдың екінші жартысында ҚР және ИР әскери ведомстволары арасында қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниет туралы хатқа қол қойылған болатын.