Джакартада туризм мәселелері талқыланды

Джакартада туризм мәселелері талқыланды

2023 жылғы 11 қаңтарда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов туризм саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Индонезияның туризм және креативті экономика министрі Сандиага Уномен кездесті.

Тараптар екі ел азаматтарының туристік сапарларын ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде визалық режимді оңайлату, бірлескен туристік форумдарға (көрмелерге) қатысу, сондай-ақ тиісті шарттық-құқықтық базаны кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Индонезиялық тарап «Ұмра плюс» туристік пакетінің жаңа бағыты ретінде индонезиялық туристердің Қазақстанға сапарларын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.

«Ұмра плюс» турпакеттері Индонезия азаматтарына Сауд Арабиясына «ұмра» (кіші қажылық) жасамас бұрын немесе одан кейін транзит ретінде үшінші елге баруға мүмкіндік береді.