Джакартада сайлау қарсаңында брифинг өтті

Джакартада сайлау қарсаңында брифинг өтті

2022 ж. 18 қарашада Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов жетекші индонезиялық БАҚ өкілдерінің қатысуымен алдағы 20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлауы тақырыбында брифинг өткізді. Іс-шараға «ANTARA» ұлттық жаңалықтар агенттігінің, «METRO GLOBE NETWORK» телеарнасының, «KOMPAS», «RAKYAT MERDEKA», «TEMPO», «BISNIS INDONESIA» газеттерінің, «LIPUTAN 6» және «DETIK NEWS» жаңалықтар порталдарының өкілдері қатысты.

Брифинг барысында қазақстандық дипломат индонезиялық масс-медиа өкілдерін өткелі жатқан ерте президенттік сайлауға дайындық барысы және сайлаудың негізгі процедуралық аспектілері туралы хабардар етті. Д. Сарекенов мерзімінен бұрын сайлау өткізудің орындылығы Қазақстан халқынан Әділетті Қазақстан құруға бағытталған реформаларды табысты жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандатын алу қажеттілігімен айқындалатынын атап өтті.

Қазақстандық өкіл іс-шараға қатысушыларды елдегі жүзеге асырылған, президенттің өкілеттігін шектеуге, аралас пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесін енгізуге, Парламентті қалыптастыру процесін және оның функцияларын жаңадан форматтауға, жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге, саяси партияларды тіркеу процедураларын жеңілдетуге, сайлау процесін жетілдіруге, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен транспаренттілігін, азаматтық қоғам институттары мен БАҚ-тардың рөлін нығайтуға, адамның негізгі құқықтарын қорғауға бағытталған саяси реформалардың негізгі мазмұнымен таныстырып өтті.

Брифинг қорытындысы бойынша индонезиялық БАҚ-тарға оларды қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Журналисттерді қазақстандықтардың алдағы сайлауға деген көзқарасы, олардың үміттері, Шығыс Еуропадағы геосаяси жағдай мен қаңтар оқиғаларының елдегі электоралды процестерге әсері, өткелі жатқан сайлаудың ерекшеліктері, үміткерлердің сайлана алу шанстары, сайлау барысында Қазақстанның қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығы, Қазақстан жүзеге асырып отырған саяси реформалар және қоғамның олардың мазмұнын айқындауға тартылуы қызықтырды.

Брифингті қорытындылай келе, Д. Сарекенов осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Қазақстанда орын алып отырған оқиғалар туралы өзекті ақпарат алуда индонезиялық БАҚ-тарға жәрдемдесуге әзірлікті білдірді.