Джакартада энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды

Джакартада энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды

2022 жылғы 3 қарашада Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның Энергетика және минералдық ресурстар министрі Арифин Тасрифпен кездесіп, екі ел арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

Тараптар мұнайды бірлесіп игеру және өндіру, мұнай өнімдерін, сұйытылған және табиғи газды шығару, сондай-ақ тау-кен металлургия саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары туралы пікір алмасты.