ДЖАКАРТАДА ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІНЕ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫС ЕТІЛДІ

ДЖАКАРТАДА ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІНЕ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Ү.ж. 12 тамызда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның 5-ші Президентімен және биліктегі Индонезиялық демократиялық күрес партиясының қазіргі төрайымы Мегавати Сукарнопутримен кездесті.

Қазақстанның Президенті Қ. Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға және достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін М. Сукарнопутри «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат М. Сукарнопутриге Қазақстанның бастамасы – Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін көшбасшылардың жаһандық альянсын құру туралы әлемдік көшбасшыларға ашық үндеуді қолдағаны үшін, сондай-ақ Альянсқа мүше болғаны үшін алғысын білдірді.

Д. Сарекенов сұхбаттасушыны қазақстандық-индонезиялық қарым-қатынастарды кеңейту және дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен таныстырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту перспективалары туралы пікірімен бөлісті, сондай-ақ индонезиялық тарапты Қазақстанның мүмкіндіктерін индонезиялық өнімдерді жаңа нарықтарға ілгерілету үшін пайдалануға шақырды.

Мегавати Сукарнопутри – индонезиялық көрнекті саясаткер, Индонезияның бірінші президенті Сукарноның қызы, Индонезияның бірінші әйел президенті (2001-2004 жж.), Индонезияның 8-ші вице-президенті (1999-2001 жж.), Ұлттық ғылыми-зерттеу және инновациялар агенттігінің басқарушы комитетінің төрағасы, Панчасила идеологиялық даму агенттігінің басқарушы комитетінің басшысы.