Джакартада Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы көрсетілді

Джакартада Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы көрсетілді

29 маусымда Джакартада Индонезия Ұлттық кітапханасының және екі ел елшіліктерінің қолдауымен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы көрсетілді. «Димаш – Қазақстанның алтын дауысы» атты іс-шара Димаш Құдайбергеннің индонезиялық жанкүйер клубының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

2017 жылдың 1 мамырында негізі қаланған жанкүйер клубы қазір Индонезия бойынша 10 мыңнан астам белсенді мүшелерге ие және саны бойынша қытайлық пен отандық клубтардан кейінгі үшінші үлкен клуб болып табылады. Қазақстандық әншінің шығармашылығының жанкүйерлер ұйымы Қазақстанның Индонезиядағы және Индонезияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерімен екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты ілгерілетуге қатысты белсенді өзара әрекеттеседі.

Іс-шараның ашылу салтанатында Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Фаджрул Рахман, Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінің өкілдері, сондай-ақ жанкүйер клубының басшылығы сөз сөйледі.

Индонезиялық дипломат өз сөзінде жанкүйер клубы Индонезияда қазақ мәдениетін насихаттап, Қазақстан-Индонезия мәдени алмасуын нығайтуға үлес қосатынын атап өтті. Өз кезегінде қазақстандық тарап өкілдері Димаштың Қазақстанның ерекше бір символына айналғанын атап өтті.

Іс-шара барысында индонезиялық көрермен назарына «Дайдидау», «Көзімнің қарасы», «Қараторғай», «Айттым сәлем Қаламқас» жанкүйер клубы мүшелерінің орындауындағы қазақ халық әндері, сондай-ақ «Любовь уставших лебедей» әнінің индонезиялық нұсқасы ұсынылды.

Сонымен қатар, қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жыл мерейтойы қарсаңында жанкүйер клубының өкілі «Еңлік-Кебек» поэмасының мазмұнын қазақ тілінде оқып берді.

Іс-шара Қазақстан туралы экспонаттар, оның ішінде кітаптар, фотосуреттер, қазақ ұлттық киімдері мен ұлттық музыкалық аспаптар көрмесінің ашылуымен аяқталды.