ІСКЕРЛІК СЕРІКТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУ

ІСКЕРЛІК СЕРІКТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУ

2022 жылғы 16 маусымда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов инвестициялық өзара іс-қимылды талқылау бойынша «Indrillco Group» компаниясының негізін қалаушылары Абдул Разак Бавазир және Мохаммад Бавазирмен кездесті.

ҚР Елшісі Қазақстанның қолайлы іскерлік және инвестициялық ахуалы, оның транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуеті туралы хабардар етті.

Тараптар ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары бойынша пікір алмасты, соның ішінде компания өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.