ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИНДОНЕЗИЯ ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДІ КӨЗДЕУДЕ

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИНДОНЕЗИЯ  ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДІ КӨЗДЕУДЕ

2021 жылғы 10 қыркүйекте бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басшылығы мен өкілдерінің, сондай-ақ Индонезия Республикасы Инвестициялар жөніндегі үйлестіру министрлігі, Экономикалық істер жөніндегі үйлестіру министрлігі, Сыртқы істер және индустрия министрліктерінің тиісті департаменттері директорларының қатысуымен инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты талқылау бойынша консультациялардың бірінші раунды өтті.

Іс-шара барысында тараптар ТШИ бойынша статистикалық деректер, ағымдағы инвестициялық саясат, инвестициялар тарту және лицензиялау рәсімдері, екі елде инвестициялар құюға экономиканың басым секторлары туралы мәліметтермен алмасты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі және Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жобасының құрылымы мен негізгі ережелерін талқылады.

Тараптар бұл Келісімге болашақта қол қою инвестициялық белсенділікке жаңа серпін беретініне және Қазақстан мен Индонезия экономикасының басым секторларында өзара инвестициялардың өсуіне ықпал ететініне сенім білдірді.