ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН АЗАТ ӘЛЕМ: СӨЗДЕН ІСКЕ

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН АЗАТ ӘЛЕМ: СӨЗДЕН ІСКЕ

2021 ж. 29 тамызда Rakyat Merdeka басылымында Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекеновтың «Ядролық қарудан азат әлем: сөзден іске» атты мақаласы жарық көрді (индонезиялық тілде). Мақала жыл сайын 29 тамызда бүкіл әлем атап өтетін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орайластырылған.

Автор мақалада Қазақстанның және оның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядросыз әлемге жету жолындағы күш-жігері мен бастамаларын сипаттай отырып, саяси және қоғамдық көшбасшыларды Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін көшбасшылардың жаһандық альянсына қосылуға шақырады.