Қазақстан халқының ұлттық санағы

Қазақстан халқының ұлттық санағы

Индонезия мен Филиппиндер аумағында жүрген құрметті Қазақстан азаматтары!

2021 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанына дейін Қазақстан халқының онлайн санағы өтетінін хабарлаймыз.

Сізді www.sanaq.gov.kz веб-сайтында немесе AITU мобильді қосымшасы арқылы санақ парақшаларын өз басы толтыруыңызға шақырамыз.

Сондай-ақ, санақ парақшаларын Қазақстанның Индонезиядағы елшілігінде де толтыра аласыз. Ол үшін біз Интернетке қосылған компьютерді орнаттық. Оны сіздер жұмыс күндері сағат 8:00-ден 12:30-ға дейін және 14:00-ден 17:30-ға дейін бізге келіп пайдалануыңызға болады. Мекен-жайымыз: Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, DKI Jakarta. Телефондарымыз: +62212520252/54, +6281211001803 (WhatsApp).

Еске сала кетейік, халық санағы Қазақстанда тұратындардың санын, қала мен ауыл тұрғындарының санын, әр өңірдегі халық санын, азаматтығына, жасына, отбасылық жағдайына, ұлтына, дініне, білім деңгейіне және басқа да сапалық және сандық сипаттамаларға қарай отырып адам санын анықтау үшін керек.

Соңғы рет санақ 2009 жылы өткен болатын. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Қалыс қалмаңыз! Санаққа қатысу – бұл біздің еліміздің болашағына қосқан үлесіміз, өйткені санақ нәтижелері білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, бала туу, көші-қон және басқа да мәселелер бойынша мемлекет тарапынан маңызды шешімдер қабылдау үшін қолданылады.

Санақ туралы толығырақ ақпаратты www.sanaq.gov.kz сайтынан алуға болады.