ТУРИСТІК ОПЕРАТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ТУРИСТІК ОПЕРАТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
2021 жылы 24 маусымда Индонезиядағы Қазақстан Елшілігінің атсалысуымен Алматы қаласы мен Түркістан облысының туристік әлеуетінің таныстырылымына арналған Индонезиядағы туроператорлар үшін онлайн-конференция өткізілді.
Конференцияны Алматы қаласы мен Түркістан облысының туризм басқармасы ұйымдастырды. Іс-шараға «Қазақстандық туристік қауымдастықтың» директоры Рашида Шайкенова, Индонезия туристік агенттіктері қауымдастығының (ASITA) президенті Нунунг Русмиати, Индонезияның қажылық және умра ұйымдастырушылары ассоциациясының төрағасы (AMPHURI) Фирман, Индонезиялық қажылықты ұйымдастырушылардың қауымдастығының (SAPUHI) бас хатшысы Ихсан Фаузи Рахман, қазақстандық және индонезиялық туристік компаниялардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Индонезия тарапына Алматы қаласы мен Түркістан облысының туристік әлеуеті туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді, презентациялар индонезиялық тілге ілеспе аудармамен сүйемелденді. Индонезия туристік операторлары қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға және Umra Plus туристік пакеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін зерттеуге қызығушылық танытты.