ДЖАКАРТАДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ДЖАКАРТАДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2021 жылы 15 маусымда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның Туризм және креативті экономика министрі Сандьяга Уномен кездесті. Кездесу барысында тараптар туризм мен креативті экономика саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Қазақстандық дипломат Министрді Қазақстанның туристік әлеуеті туралы хабардар етіп, Индонезия қажыларын Umra Plus туристік пакетінің жаңа бағыты ретінде елге келуге шақырды.
Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, соның ішінде тиісті министрліктер арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға, сондай-ақ екі елдің туроператорлары арасында бейнеконференциялар ұйымдастыруға мүдделі екендіктерін білдірді.