ҚАЗҰАЗУ МЕН ПАДЖАДЖАРАН УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚАЗҰАЗУ МЕН ПАДЖАДЖАРАН УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2021 ж. 28 мамырда бейнеконференция режимінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен индонезиялық Паджаджаран университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстандық университет тарапынан Меморандумға ректор Тілектес Есполов, индонезиялық оқу орны тарапынан ректор Рина Индиастути қол қойды. Құжатқа қол қоюға Джакартадағы Қазақстан Елшілігі мен Нұр-Сұлтандағы Индонезия елшілігінің өкілдері куә болды.

Меморандумның реттеу пәні академиялық және ғылыми ынтымақтастық, оның ішінде білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастық, оқу материалдарымен алмасу, ғалымдармен алмасу, бірлесіп семинарлар, практикумдар және басқа де кездесулер өткізу болып табылады.

Меморандум 5 жылдық мерзімге жасалды, әрі тараптардың өзара келісімі бойынша одан арғы 3 жылдық кезеңдерге ұзартылуы мүмкін. Бұл құжат 2015-2018 жж. кезеңінде қолданыста болған меморандумның орнын басып отыр, соңғысының аясында бірқатар қазақстандық студент Паджаджаран университетінде білім алған болатын.

1957 ж. құрылған Паджаджаран университеті Индонезиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.