ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ – ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН ҚАЛЫПҚА КЕЛУДІҢ ТЕТІГІ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ – ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН ҚАЛЫПҚА КЕЛУДІҢ ТЕТІГІ

2021 ж. 2 наурызда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезия Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мулдокомен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасты Қазақстандағы ағымдағы қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалмен таныстырды, елдің қолайлы инвестициялық климаты, транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуеті туралы хабардар етті.

Тараптар түрлі салаларда ынтымақтастық дамытудың мүмкін бағыттары бойынша пікір алмасып, екі ел арасында өзара іс-қимылды, соның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.