Джакартада Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара сауданы арттыру мәселелері талқыланды

Джакартада Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара сауданы арттыру мәселелері талқыланды
2020 жылдың 17 ақпанында Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның сауда, туризм және инвестициялар клубының төрағасы Тито Лохомен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанның экспорттық әлеуеті туралы, сондай-ақ тауарларды Қазақстаннан Индонезияға және кері бағытта жеткізудің оңтайлы көлік маршруттары туралы хабардар етті.
Тараптар сауда саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, соның ішінде екі елде өндірілген тауарлардың экспорты мен импортымен айналысуға мүдделі қазақстандық және индонезиялық кәсіпкерлер арасында B2B кездесулерін ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.