Қазақстан мен Индонезия қор биржалары арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Индонезия қор биржалары арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
2020 жылдың 19 ақпанында Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Индонезия қор биржасының президенті Инарно Джаджадимен кездесті.
Кездесу барысында И.Джаджади Индонезия қор биржасының жұмысы және елдің капитал нарығының қазіргі жағдайы туралы айтты, өз кезегінде қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Астана халықаралық қаржы орталығының, сонымен қатар Astana International Exchange қор биржасының қызметі туралы хабардар етті. Тараптар екі елдің қор биржалары арасында ынтымақтастық орнатуға өзара мүдделіліктерін білдірді.
Astana International Exchange (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX миссиясы – жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде капиталдың белсенді нарығын дамыту, сондай-ақ жеке бизнес пен жалпы экономиканың өсуін қаржыландыруға арналған платформа құру.
AIX акционерлері – АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы.