ҚАЗАҚСТАН МЕН ИНДОНЕЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ИНДОНЕЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
2020 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан-Индонезия Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының (Бірлескен комиссия) 2-отырысына дайындыққа арналған ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрлігінің төрағалығымен бейнеконференция форматында консультациялар өтті. Іс-шараға мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің елшілері қатысты.
Онлайн-кездесу барысында тараптар ынтымақтастық, сауда, инвестиция, денсаулық сақтау, исламдық қаржыландыру, логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, халал өндіріс және туризм сияқты басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту туралы ұсыныстармен алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 2-ші отырысын 2021 жылдың бірінші жартысында өткізу мүмкіндігін қарастыруға туралы, сондай-ақ Бірлескен комиссияның отырысын мазмұнды түрде толтыру және тиісті күн тәртібін әзірлеу бойынша күш-жігерді күшейтуге уағдаласты.
Бірлескен комиссия 2013 жылы Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту, кеңейту және нығайту мақсатында құрылды. Комиссияның негізгі міндеттерінің қатарына экономикалық және техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттарды жасасуға және жүзеге асыруға көмектесу, екіжақты экономикалық қатынастарды әртараптандыру, ұсыныстар әзірлеу жатады.
Комиссияның алғашқы отырысы 2013 жылы тамызда Жакартада өтті.