Автокөлік сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы

Автокөлік сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Сауда-саттықтың өткізілетін күні, уақыты және орны:

2026 жылғы 2 қазанда сағат 10:00-де
Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, Jakarta 12950 мекенжайында өткізіледі.

  1. Сауда-саттықтың нысаны мен әдісі: Бағаны жоғарылату аукционы.
  2. Аукционның нысанасы: «Toyota Fortuner» маркалы жеңіл автомобиль, сәйкестендіру нөмірі (VIN) — MHFZX69G0C7043744, мемлекеттік тіркеу нөмірі — CD 9502, түсі — қара, шығарылған жылы — 2012.
  3. Бастапқы бағасы: 3 569,24 АҚШ доллары (64,0 млн индонезиялық рупия).
  4. Кепілдік жарнасының мөлшері: Бастапқы бағаның 15%-ы — 535,39 АҚШ доллары. Кепілдік жарнасы автомобильді қарап-тексергеннен кейін және өтінім берілгенге дейін, 2026 жылғы 1 қазанға дейін төленуге тиіс.
  5. Өтінімдерді қабылдау мерзімі және орны: Өтінімдер кепілдік жарнасы төленгеннен кейін 2026 жылғы 1 қазанды қоса алғанға дейін жұмыс уақытында қабылданады.

Мекенжайы: Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, Jakarta 12950.

  1. Сауда-саттықты өткізу тәртібі:

Автомобиль үшін ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы сауда-саттықтың жеңімпазы болып танылады. Бағаны өзгерту қадамы 5%-ды құрайды. Бірінші қадам объектінің АҚШ долларындағы бастапқы бағасынан есептеледі, ал әрбір келесі қадам алдыңғы қатысушы ұсынған бағадан (ағымдағы бағадан) есептеледі.

  1. Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшілігі
Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, Jakarta 12950.

Телефон: +6285759808646.

Кепілдік жарнасын аударуға арналған Елшіліктің банктік деректемелері автомобильді қарап-тексергеннен кейін беріледі.

  1. Қосымша ақпарат:
    a) Автомобиль қазіргі күйінде («сол күйінде») сатылады. Кепілдік жарнасын төлемес бұрын және өтінім берер алдында қатысушылар автомобильдің техникалық жай-күйін қарап-тексеруге міндетті. Автомобильді қарап-тексеру, кепілдік жарнасын төлеу және өтінім беру қатысушының автомобильді сату шарттарымен толық келісетінін білдіреді. Сатып алушы автомобильді жөндеуді немесе жақсартуды талап етуге, сондай-ақ меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты салықтарды, алымдарды және басқа да шығыстарды төлеуден босатуды талап етуге құқылы емес.
    b) Ұсынылатын баға жоғарыда көрсетілген АҚШ долларындағы бастапқы бағадан төмен болмауға тиіс. Ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы (сауда-саттық жеңімпазы) автомобильді сатып алу құқығына ие болады. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері жарияланған және шартқа қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей автомобиль құнының қалған бөлігін толық көлемде төлеуге міндетті.

ҚҚС, кедендік баждар және өзге де салықтар, тарифтер, міндетті төлемдер төлеу қажет болған жағдайда, сондай-ақ дипломатиялық нөмірлері бар жеңіл автомобильдің меншік құқығын қайта ресімдеуге және тіркеуге байланысты шығыстарды Сатып алушы төлейді.

 c) Егер сауда-саттық жеңімпазы шарт талаптарын белгіленген мерзімде орындамаса, ол автомобильді сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі, ал енгізілген барлық төлемдер, оның ішінде кепілдік жарнасы, қайтарылмайды.

 d) Сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарнасын аудару кезінде төлеген банктік комиссиясы қайтарылмайды.

 e) Сауда-саттықтағы сөз байласуға (bid rigging) және заңсыз араласудың кез келген басқа нысандарына қатаң тыйым салынады.

Мүдделі тұлғалар автомобильді 2026 жылғы 1 қазанға дейін жұмыс уақытында Қазақстан Республикасының Джакарта қаласындағы Елшілігінде тек алдын ала жазылу бойынша қарап-тексере алады.

Автомобильді қарап-тексеруге жазылу туралы өтініштерді және барлық сұрақтарды Қазақстан Республикасының Джакарта қаласындағы Елшілігіне мына телефон арқылы жолдауға болады:

+6285759808646