Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына қатысты ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына қатысты ақпараттық хабарлама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Сіздерді 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысуға шақырамыз.

Индонезия Республикасының аумағында дауыс беру Қазақстан Республикасы Елшілігі жанындағы №464 сайлау учаскесінде келесі мекенжай бойынша ұйымдастырылады: Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, Jakarta 12950.

Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (Джакарта уақыты бойынша) өткізіледі.

Дауыс беруге Индонезияда тұрақты немесе уақытша тұратын, 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

Өзіңізбен бірге қолданыстағы жарамды ҚР паспорты болуы қажет.