Қазақстан мен Индонезия сауда, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Индонезия сауда, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

2026 жылғы 11 мамырда Астанада Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Премьер-Министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ал Индонезия делегациясын Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартарто басқарды.

Отырысқа екі елдің мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының, «Атамекен» ҰКП-ның, дипломатиялық миссиялар мен бизнес өкілдері қатысты.

Тараптар сауда, өзара инвестициялар, көлік және логистика, энергетика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, стандарттау және туризм салаларын одан әрі дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысының хаттамасына қол қойылды.