Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайы: Токио – 2026

Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайы: Токио – 2026

2026 жылғы 28 мамырда Жапонияның Токио қаласында Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайы өтеді.

Іс-шара Жапония қазақтары қауымдастығының бастамасымен, «Отандастар қоры» КЕАҚ және Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Кіші құрылтайдың мақсаты Азия елдеріндегі қазақ диаспорасы өкілдерінің өзара іс-қимылын жүйелеу, олардың әлеуетін біріктіру және Қазақстанмен тұрақты институционалдық байланысты қалыптастыру. Шараның басты күн тәртібінде – өңірдегі қазақ қауымдастықтарының өзара іс-қимылын жаңа сапалы деңгейге көтеретін «Азия елдеріндегі қазақтар кеңесін» құру мәселесі тұр.

 

Іс-шара бағдарламасы:

  • Салтанатты ашылу рәсімі және Мәдени-гуманитарлық және IT саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға бағытталған пленарлық отырыс.
  • Қазақ қауымдастықтары арасында «Азия елдеріндегі қазақтар кеңесін» құру туралы құжатты қабылдау.
  • Ұлттық өнер көрмесі, этномәдени презентациялар және қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама.

 

Өткізілетін орны: Жапония, Токио қаласы, Minato City Center Libra.

Күні: 2026 жылғы 28 мамыр.

 

Іс-шараға қатысу үшін ресми тіркелу міндетті. Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8mTBPcvRFLY6gng37

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 (700) 671 90 33, +7 (705) 664 72 11