Жакартада азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Жакартада азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық талқыланды

2020 жылдың 10 қарашасында Қазақстанның Индонезиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Индонезия Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінің Бас директоры Агунг Хендриадимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар азық-түлік қауіпсіздігін, әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық дипломат Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы (АҚИҰ) ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің күш-жігері мен мүмкіндіктерін шоғырландыру арқылы бұл мәселеде маңызды рөл атқара алатынын баса айтты.

Елші Индонезия Ұйымға тез арада қосылатынына сенім білдірді, сонымен қатар Индонезия тарапын ү.ж. 2-3 желтоқсанда бейнеконференция форматында өтетін «ИЫҰ аймағында азық-түлік қауіпсіздігі тұрақтылығын нығайту»  АҚИҰ Бас ассамблеясының                        3-сессиясына қатысуға шақырды.

 

***

АҚИҰ Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясында 2016 жылы құрылған. Оның штаб-пәтері Қазақстанның астанасы - Нұр-Сұлтанда орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымға Ислам әлемінің 34 мемлекеті кіреді.