Фокус - Қазақстан мен Индонезия арасындағы экономикалық ынтымақтастықта

Фокус - Қазақстан мен Индонезия арасындағы экономикалық ынтымақтастықта

2020 жылдың 9 қарашасында Қазақстанның Индонезиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрлігі департаментінің директоры Фаджар Вираван Хариджомен кездесті.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат екі ел өз аймақтарындағы ірі мемлекеттер мен экономикалар болып табылатынын және екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті.

Тараптар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Индонезия бірлескен үкіметаралық комиссиясының 2-ші отырысына дайындық мәселелерін талқылады және тиісті күн тәртібін мазмұнды толтыру бойынша күш-жігерді күшейту туралы уағдаласты.

 

Бірлескен комиссия Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту, кеңейту және нығайту мақсатында 2013 ж. құрылған болатын. Комиссияның негізгі міндеттерінің қатарына экономикалық және техникалық ынтымақтастық саласында халықаралық шарттарды жасасуға және жүзеге асыруға жәрдемдесу, екіжақты экономикалық қатынастарды диверсификациялау, ұсынымдар әзірлеу кіреді.

Комиссияның алғашқы отырысы 2013 ж. тамыз айында Жакартада өтті.