Қазақстанға оралғысы келген қазақстандықтардың назарына

Қазақстанға оралғысы келген қазақстандықтардың назарына

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы  27 қазандағы № 61 қаулысына сәйкес Қазақстанға келген Қазақстан азаматтары мен Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен COVID-19 сынағынан өткендігі туралы теріс нәтижелі анықтамалары болмаса, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. 

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келушілерге, тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.

COVID-19-ға оң нәтижемен келген тұлғалар инфекциялық стационарға жатқызылады.