Қазақстанға барғысы келетін шетелдіктер үшін маңызды ақпарат

Қазақстанға барғысы келетін шетелдіктер үшін маңызды ақпарат

 «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының» (ҚР Үкіметінің 2012 ж. 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген) 17 тармағымен Индонезия және Филиппиндер азаматтары үшін қарастырылған визасыз режим ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 727 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатылды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 6 қазанынан бастап кез-келген ұшу пунктінен Қазақстанға сапар шегетін барлық шетелдік азаматтарда рейске отырғызу үшін полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен COVID-19 сынағынан өткендігі туралы басылған теріс нәтижелі анықтамалары болуы керек.

Сынақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпес бұрын 72 сағат ішінде тапсырылуы керек.

Анықтама сынақты ПТР әдісімен өткендігін растауы керек. Басқа әдістерді қолдана отырып жасалған сынақтардан, соның ішінде антидене сынақтарынан өткендігі туралы анықтамалар, сондай-ақ үйде сынақтан өту жиынтықтарын қолдана отырып жасалған сынақтардың нәтижелері қабылданбайды.