
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі республикалық референдум өтеді.
Жаңа Конституцияның мәтінімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1159830?lang=kk
Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толған азаматтарын дауыс беруге қатысуға шақырамыз.
Индонезия Республикасының аумағында дауыс беру ҚР Джакарта қаласындағы Елшілігінде келесі мекенжай бойынша ұйымдастырылады: Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, Jakarta 12950.
Дауыс беру 07:00-ден 20:00-ге дейін (Джакарта уақыты бойынша) өткізіледі.
Референдумға қатыса отырып, Сіздер еліміздің болашағына маңызды үлес қосасыздар!