БҰҰ күні Джакартада атап өтілді

БҰҰ күні Джакартада атап өтілді

Джакарта, 2025 жылғы 31 қазан - Біріккен Ұлттар Ұйымының күніне және оның құрылғанына 80 жыл толуына орай Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінде «SampoernaAcademy» халықаралық мектебінің оқушылары мен мұғалімдерімен кездесу өтті. Оның аясында Елші Сержан Әбдікәрімов қонақтарға БҰҰ-ның әлемдегі маңызды рөлі және Қазақстанның осы әмбебап ұйыммен ынтымақтастығы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, оқушылар Қазақстандағы тарих пен дәстүр, мәдениет және қазіргі заманғы даму, мектептегі білім беру жүйесі мен балалардың бос уақыты, сондай-ақ туристік мүмкіндіктер туралы білуге қызығушылық танытты.

Оқушылар еліміз туралы бейнероликтер мен фотокөрмені тамашалады, қазақ тағамдарының дәмін татып, Қазақстан туралы қызықты деректер жазылған түрлі-түсті брошюралар алды.