Джакарта, 2025 жылғы 22-23 мамыр – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Индонезия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге қол қою жөніндегі төртінші келіссөздер раунды өтті. Келіссөздерге екі елдің сыртқы істер, инвестиция, әділет және қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты.
Екі күндік келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Келісім жобасының барлық негізгі тармақтары бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізді.
Тараптар Келісімнің жүзеге асырылуы екіжақты инвестицияларды жандандыруға, инвесторларға қосымша кепілдіктер беруге әрі Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға берік құқықтық негіз қалыптастырады деген сенімдерін білдірді.