Меню
Страницы
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Елшілік туралы
Консулдық мәселелер
Все материалы
Әл-Фараби 1150
ӘЛ-ФАРАБИ: ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
21 июля 2020

Ежелгі Отырар қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағында Арыс өзенінің Сырдарияға құятын ауданында орналасқан. Отырар оазисі, көшпелі даланың отырықшы егіншілікпен түйіскен жерінде, маңызды сауда жолдарының торабында еді, Арабтар жаулап алғаннан кейін Фараб округі деп атала бастады. Бұл берекелі өлкеде 870 жылы Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби дүниеге келді. Әл-Фарабидің толық аты-Әбу Наср Мұхаммед ибн Мухаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Түрки.  Оның атының құрамындағы “Тархан” сөзі философтың дәрежесі биік руға жататынын көрсетеді, ал “әт-түрки” деген сөз тіркесі әл-Фарабидің шығу тегі бойынша түрік болғанын дәлелдейді.

 

Әл-Фараби туралы аздаған өмірбаяндық мәліметтер бізге ортағасырлық авторлардың: Ибн Аби-Усайбианің «Дәрігерлер сыныптары туралы мәліметтер көздері», Әл-Кифти авторы болып табылатын «Ғалымдар мен даналықтар туралы хабарлар» және Ибн Халликанның «Атақты адамдардың қайтыс болған күндері және уақыт ұлдары туралы мәліметтер» атты шығармаларының арқасында жетті.

Жас кезінде әл-Фараби сол кездегі қазыналарымен ең бай, кітаптар мен қолжазбалар саны бойынша әлемде екінші орын алатын (атақты Александриялық кітап қоймасынан кейінгі) Отырар кітапханасының қолжазбаларымен танысуға мүмкіндік алды. Мүмкін содан бері оның бойында білімге, танып білуге деген шөлдеген сезім ояна бастаған шығар. Жиырма жасар әл-Фараби білім іздеп туған жерінен кетіп, Таяу Шығысқа қарай бет алады. Оның мақсаты Бағдад, Дамаск, Каир, Алеппо және т. б. сияқты Араб халифатының зияткерлік және мәдени өмірінің ірі орталықтарына бару еді. Әл-Фараби ұзақ саяхаттардан кейін Дамаск қаласына қоныстанады, сол кезде басқарған сейф-ад-Даула бин Хамданидің ықыласы мен құрметіне ие болды. Нағыз данагөй ретінде әл-Фараби өзінің күнделікті трактаттарын және дана әңгімелерін жазуды хауыздың жанында немесе саялы бақта өткізіп, өзіне тиісті ыңғайлы үстемдіктерді алды. Әл-Фараби 950 жылы сексен жасында қайтыс болып, Дамаскідегі Баб-ас-Сағир “патша зиратында” жерленді. Аңыз бойынша, билеушінің өзі төрт папирустағы дұғаны оқыған. Әл-Фараби өзінен кейін бай мәдени мұра қалдырды.

МҰРА

Ең үлкен ғалым әл-Фараби қыпшақ тайпасының түркі отбасында дүниеге келген. Айта кету керек, Түркі әлемі адамзатқа бірқатар көрнекті ғалымдар мен ойшылдарды сыйлаған. Олардың ішінде астроном және математик әл-Хорезммен бірге атақты астрономиялық кестелерді құрастыруға қатысқан Аббас Жаухари, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті бойынша баға жетпес «Тарих-и-Рашиди» еңбегін қалдырған Мұхаммед Хайдар Дулати, түркі диалектологиясы бойынша «Диуан луғат ат-түрк» еңбегін жасаған Махмуд Қашғари, географ Жанах ибн Хакан ал-Кимаки және т. б.

 

Әл-Фарабидің «қаруы» әлеуметтік әділетсіздік пен азапқа қарсы сөз, ағарту, философиясы болды. Ол адамдардың жер бетіндегі бақытына жетуіне сенді. Бұл идеяны ол өз шығармаларында: «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жол сілтеу», «Бақытқа жету туралы» және т.б. трактаттарынан көруге болады, әл-Фарабидің жан-жақты ғылыми ізденістерінің нәтижесі «Ғылым классификациясы туралы» трактаты болып табылады, онда сол кездегі ғылымдар қатаң түрде тізбектелген, әр адамның зерттеу пәні анықталған. Замандастардың куәліктері бойынша «бұған дейін ешкім мұндай жазбаған». XII ғ. «Ғылымдардың жіктелуі» екі рет латын тіліне аударылды. Оның логикасы бойынша еңбектері «Категориялар», «Далектика», «Әріптер кітабы», «Даналықтың асыл сөздері», «Логикада қолданылатын ағындар», «Аналитика», «Дәлелдеме» және т.б. музыка мен поэзия туралы трактаттарға «Музыка туралы үлкен кітап», «Поэзия өнері туралы Трактат» атты еңбектері жатады. Белгілі француз шығыстанушы Рудольф д’Эрланже 1930-1935 жж. Бұл шығарманы Парижде аударып, жариялады. “Музыка туралы үлкен кітап” екі томдық француз аудармасы Еуропадағы әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге үлкен үлес қосты. Әл-Фараби тек қана музыка теориясын жетік білген жоқ, музыкалық аспаптарда да ойнай білді. М. Жұмабаевтың «Түрік музыкасы мен Фарабидің тоғыз қырлы домбырасын кім білмейді» – деген сөзі кеңінен танымал. Әл-Фарабидің «Ут» тоғыз қырлы немесе төрт қырлы домбыраның ойлап шығарушысы болып табылады деп болжауға болады. Әл-Фарабидің жаратылыстану-ғылыми трактаттары «Птолемейдің «Алмагестіне» түсініктеме», «Адам денесінің мүшелеріне қатысты Галеннің Аристотельмен келіспеушілігіне қарсылығы туралы», «Химия өнерінің қажеттілігі туралы» және т.б. түркі халықтарының бай мәдени мұрасы қазіргі Қазақстанның дамуы үшін негізгі бастауы болды.

ӘЛ-ФАРАБИ. ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС СҰХБАТЫ

Араб тіліндегі философия антикалық грек философиясының елеулі әсерін бастан кешірді. Ибн Халликанның айтуынша, Әл-Фараби: “Егер мен Аристотель кезінде өмір сүрсем, мен оның шәкірттерінің арасында ең үздік шәкірті болар едім”-деген. Әл-Фараби Аристотель іліміне ұқсас тұтас энциклопедиялық жүйені құрды. Ол сол кезде барлық белгілі білім саласын қамтыған 160 трактат жазды: саясат, психология, этика, жаратылыстану, эстетика, логика және әрине философия. Өкінішке орай, барлық жұмыстар сақталмады, бірақ басты еңбектері әлемнің ең үздік кітапханаларында: Каирде, Стамбулда, Бейрутте, Лондонда, Берлинде, Парижде, Братиславта, Мәскеуде және Санкт-Петербургте сақталған.

 

Әл-Бируни, Ибн-Сина, Ибн-Рушд, Ибн-Бажа, Ибн-Туфейл және басқалары өздерін әл-Фарабидің шәкірттері деп санаған. Ибн Сина Аристотельдің «метафизикасын» әл-Фараби түсіндірмелерінің көмегімен ғана түсінгенін айтты. Ибн Синаның медицина бойынша еңбектері бүкіл орта ғасыр бойы Еуропада жоғары бағаланды. Ибн-Рушд Аверроэс атымен Еуропада белгілі болды. Ибн-Рушд әл-Фарабидің философияның діннен асып түсуі туралы идеясын, Аяннан ойды дамытып, ақиқаттың екілік туралы ілімнің негізін салды. Ибн Бажа әл-Фараби философиясының «ажыратылған өмір салты туралы» өз жұмысында этикалық кемелдікке жетудегі білімнің маңызды рөлі туралы жазады. Ибн-Туфейль «Якзан ұлы Хаяның романында» әл-Фарабидің шындықты білудің философиялық жолын жетілдіру туралы ой-өрісін дамытады.

Әл-Фарбидің Еуропалық философияға әсері туралы айта келе, ең алдымен, «адасқандарға басшылық ету» туындысында әл-Фарабидің идеялары бар еврей философы, Құдайшыл Маймонид туралы айтқан жөн. Маймонид арқылы философия тарихында әл-Фарабидан Спинозға, Д. Скот, Р. Бэконға апаратын із байқалады. Араб тілін меңгерген ағылшын монахы және философы Р. Бэкон әл-Фарабидің жұмыстарын түпнұсқада оқыды. Қайта өрлеу дәуірінде Еуропа классикалық ежелгі грек философиясының «қазынасымен» танысуға қайта мүмкіндік алды және бұл  жерде әл-Фарабидің еңбегі өте маңызды болды. Әл-Фараби-әлемдік өркениеттің дамуына әсер еткен зияткерлік ой тарихындағы негізгі тұлғалардың бірі. Оның мұрасы Шығыс пен Батыс мәдениетінің жақындасуы мен диалог орнатуға ықпал етті. Шығыс пен Батыс диалогының тақырыбы осы күнге дейін өзекті болып отыр. Диалог стратегиясы қазіргі әлемдегі ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту үшін жалғыз шынайы болып табылады.

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

Егер адамдар бір-біріне бақыт үшін көмектессе, бүкіл әлем қайырымды болады.

Адам баласы тегінде адамзатқа жатқандықтан, бір-бірімен өзара түсіністікте болуы абзал.

…тек бір біріне көмектесер көп адамдар бірлестігі арқылы ғана оның өмір сұруіне қажет қандай да бір үлес бөлігін берер болса сонда ғана адам баласы өз табиғатына сай кемелдене алады.

Адамға ақыл-ес оның ең жоғарғы кемелділігіне жетуі үшін қызмет етсін деген мақсатта берілген.

ƏЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫ ƏЛ-ФАРАБИ ЖАЙЛЫ

«Әл-Фараби Аристотельдің «Физикасын»-қырық рет, «Риторикасын»- екі жүз, «Жан туралы» атты кітабын – жүз рет оқыған екен. Неткен таңғаларлық еңбек!».

Гегель,

немістің ұлы философы


«….Сол белгісіз болып келген ойшыл-Шығыс философиясының атасы Әл-Фараби еді».

И. Мадкур,

араб философы


«Әл-Фараби тек Аристотельдің үлкен білгірі ғана болған жоқ, ол орта ғасырлық ой пікірге аса жақын, әрі аса қажетті іс- аристотелизімді неоплатонизммен байланыстыруды жүзеге асырды».

Н.И. Конрад,

көрнекті Шығыс зерттеушісі


«Ортағасырлық ғылым таарихында өзінің ауқымды ғылыми жұмыстары, терең әрі жан-жақты энциклопедиялық білімі жөнінен Әл-Фарабимен теңдесе алатын ғалымды табу қиын».

П.Н. Федосеев,

атақты орыс ғалымы


«Әл-Фарабидің өзінен кейінгі мәдениеттің дамуына, әсіресе Шығыс Орталық Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының мәдениеттеріне әсері жан-жақты әрі ұзақ болған еді».

Б.Ғ. Ғафуров,

көрнекті Шығыс зерттеушісі


«Әл-Фараби көптеген сындарлы шығармалар туғызды. Фараби мұрасы ұшаң теңіз және сан алуан. Ол сол тұстағы бүкіл білім салаларын, этиканы, саясатты, психологияны, жаратылыстануды, музыканы оқып зерттеді!…

Әл-Фараби тамаша матиматик болып, сол тұсатғы теориялық медицинаның бүкіл қырларын жетік меңгерді. Ол музыка теориясы жөнінен көп еңбектер жазды. Композитор ретінде кеңінен мәшһүр болды, жаңа музыкалық аспап шығарды».

Е.Э. Бертельс,

көрнекті Шығыс зерттеушісі

Консулдық мәселелер
01 июля 2020

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Консулы:

Султан Талгатович Акмагамбетов.

Байланыс нөмірлері: 

Жұмыс тел.: +62 21 2520252/54

Ұялы тел.: +62 812 11 00 1803 (тек төтенше жағдайларда)

E-mail: consulkazemb@gmail.com

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
23 июня 2020

Қиын жағдайлар деп осындай оқиғалар түсініледі:

  • форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
  • Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы әрекеттер;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде денсаулығының нашарлауы және күтпеген қазасына әкеліп соғатын оқиғалар.

Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:

  • шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына келу үшін көлік шығыстарын өтеу (экономкласты авиабилет құнынан аспайды);
  • аудармашы көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 15 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
  • адвокат көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 45 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
  • бір жолғы материалдық көмек:

тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда, оларды сатып алу       (280 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

  • мүрдені бальзамдауға, мәйітханада сақтауға немесе болу елінде жерлеуге жұмсалатын шығыстарды төлей отырып, жүкті жөнелтуге, "200" жүгін ресімдеуге (Қазақстан Республикасына қайтыс болған азаматтардың табыттарын және күлімен сауыттарын жөнелту) жұмсалатын шығыстар.

Шетелдегі мекеме қаржылай көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартады:

  • біле тұра жалған айғақтарды хабарлау;
  • қиын жағдайға тап болуына себеп болған Қазақстан Республикасы азаматының болу елінің заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттардың болуы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен болған оқиғалар (соның ішінде алкогольге немесе есірткіге мас болған жағдайда);
  • Азаматының ықтимал тәуекелдерді сезініп, өз еркімен қалуды растайтын фактілерді анықтағанда.
  • Өтініш (Қазақстан Республикасы азаматтарының, туыстарының немесе өзге де уәкілетті тұлғалардың өтініштері).
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Болу елінің уәкілетті органдары берген және қиын жағдайдың басталуына байланысты қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттар.
  • Зорлық-зомбылық, денсаулығының нашарлауы не қайтыс болуы фактісі болған жағдайда, болу елінің медициналық не өзге де уәкілетті мекемесі берген құжаттар.
  • Өтініш түскен сәттен бастап 10 жұмыс күніне дейін

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Jalan Patra Kuningan Raya, Block M7, Kav. 1, Kuningan Timur, Setiabudi, Jakarta Selatan, Jakarta 12950

Телефон арқылы хабарласыңыз: +62 21 2520252/54, +62 812 11 00 1803 және / немесе электрондық пошта: jakarta@mfa.kz.

Абай 175
Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан
06 апреля 2020

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек.

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды.

Өткен жылы Абайдың шығар­ма­ларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бас­тама бірнеше айға ұласты.

Соның арқасында бүкіл Қазақ­стан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемле­кеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.

Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бү­гін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абай­дың ой-тұжырымдары барша­мызға қашанда рухани азық бола алады.

Сондықтан ұлтымызды жаңғыр­ту ісінде оның еңбектерін басшы­лыққа алып, ұтымды пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізген жөн.

Мен бұл мақалада Абай сөзі­нің бүгінгі заманымыз үшін көкей­кестілігі, ақын шығарма­лары­нан халқымыз қандай тағылым алу­ға тиіс екендігі жөнінде жұртшы­лық­пен ой бөліскім келеді.

1

 

Ұлттық болмыстың үлгісі

Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес.

Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұра­ларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбы­лыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған.

Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, хал­қы­мыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлы­лығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.

Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асу­ларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емес­піз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абай­дың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.

Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.

Ал біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу.

Ол үшін ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар атқа­рыл­ғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де олқы тұстар бар. Оны жетіл­діру жолдарын сайлау алдындағы бағдар­ламамда және өткен жылғы тамыз конференциясында нақты атап көрсеттім.

«Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бас­тамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы кез келген қоғамда ұстаз­дың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құр­мет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің мін­де­тіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.

Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді.

Демек, өзімізден озық тұрған жұрт­пен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор.

Ал қазіргідей жаңа тарихи жағ­дайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар ағылшын тілін үйре­нуге де басымдық беру қажет. Жаста­рымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз.

Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді. Мұндай кезде өзіміздің таптаурын, жадағай әдеттерімізден бас тартуымыз қажет.

Абайдың кейбір қарекеттерге көңілі толмай, «Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап» деп үнемі сыни көзбен қарауының себебі осында.

Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді.

Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет.

Абай қазақтың әр баласын ұлт­жанды азамат етіп тәрбиелеуге ша­қыр­ды. Оның мұрасы – парасатты пат­риотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқу­дан, ақын өлеңін жаттаудан жалық­паған жөн.

Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйре­нуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.

Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.

 Мемлекет ісінің мүдделесі

Біз егемен ел ретінде өсіп-өркен­деуі­міз үшін мемлекеттілігімізді нығай­туымыз керек.

Заң үстемдігін және қоғамдық тәртіпті сақтау баршаға ортақ міндет екенін ұғынған жөн. Халықтың билікке деген құрметі болмаса – елдігімізге сын. Сондықтан азаматтарға, әсіресе, жастарға мемлекетті сыйлаудың мән-ма­ңы­зын түсіндіру қажет. Осы ретте тағы да Абайдың мұрасына зейін қойған абзал.

Ұлы ақын өзінің шығармаларында елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктетті.

Ол әділетті қоғам құру идеясын кө­тер­ген. Демек, Абайдың көз­қарастары ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамы және оның береке-бірлігі үшін аса құнды. Хакім Абайдың ұстанымдары өркениетті мемлекет қағидаларымен үндеседі. Заң үстемдігі, биліктің ашықтығы мен халық алдында есеп беруі жоғары деңгейде болып, мемлекет ісіне азаматтық қоғам өкілдері белсене араласқан жағдайда ғана әділеттілік берік орнығады.

Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам дәл осы әділетті қоғам идеясын дамыту мақсатымен ұсынылды. Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог мемлекетке деген сенімді нығайта түседі. Үкімет мүшелері, соның ішінде министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабыл­даған кезде азаматтардың ұсы­ныс­­тары мен тілектерін ескеруі керек. Мұны Абай меңзеген әділетті қоғам қа­­лып­­тас­тырудың бірден-бір шарты деп білемін.

Ұлы ақын «Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды» дегенді бекер айтқан жоқ. Елге билік жүргізетіндерге жұрттың көңілі толмайтынын да аңғартады.

«Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ» замандастарымыз көбеймес үшін билік халыққа әрдайым құлақ түріп отырғаны жөн. Мемлекет пен қоғам өкілдері түйткілді мәселелерді бірге талқылап, шешімін табу мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Кеңес формальды сипат алып кетпеуі үшін оның мүшелерімен арнайы кездесіп, жұмысын жіті қадағалап отырмын.

Абай шығармаларында меритократия мәселесіне де айрықша мән берілген. Ол адамды мәртебесіне қа­рай емес, талабы мен еңбегіне қарап баға­лаған. Ұлы ақын қазақ жастарына жөн-жоба көрсетіп, бағыт-бағдар берген.

Қазір Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі жүріп жатыр. Елбасының қолдауымен билікке басшылардың жаңа буыны келе бастады. Соған қарамастан, елімізде түбегейлі саяси өзгеріс керек деген ойлар да жиі айтылып жатады. Бірақ бұл мәселе бойынша ұлттық мәмілеге келудің, мемлекет мүмкіндіктерін шынайы баға­лаудың және жүктелген міндетке жауап­кер­шілікпен қараудың маңызы зор.

Өзгеріс деп байбалам салатындар еліміздің болашағын байыптамайды, жай ғана популистік идеяларға табан тірейді.

Популизм теріс тенденция ретінде дүниежүзілік сипат алды. Әлемнің түкпір-түкпірінде нақты стратегиясы жоқ, тек жалаң ұрандар арқылы билікке жеткісі келетін топтардың дауысы жиі естілуде. Осындай даңғазаға құмар адамдар туралы Абай: «Қу тілменен құтыртып, Кетер бір күн отыртып», – дейді. Расында, бұл – кез келген елдің дамуын кенже қалдыратын, ұлттың бірегейлігін әлсірететін қауіпті үрдіс.

Бізге, Абай айтқандай, артық мақ­танға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуу әсте жараспайды. Әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаларды байыппен сараптай білуіміз қажет. Тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен бірлікті бәрінен жоғары қойған абзал. Мемлекет мүддесін көздесек, әуелі сабақтастық сақталып, төгілген тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлайық.

Осындай саясат жүргізген кезде ғана барлық стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізіп, Қазақстанды озық дамы­ған мемлекеттердің қатарына қоса аламыз.

2

 

Жаңа қоғамның жанашыры

Жаңа Қазақстанның өзегін жаңа қоғам құрайтыны анық. Бұл ретте, ең алдымен, ұлтымыздың қадір-қасиетін арттырып, халқымыздың бәсекеге қабілет­тілігін жетілдіруге баса мән беруіміз керек. Сондай-ақ қоғамның дамуына кедергі келтіретін, береке-бірлігі­мізге іріткі салатын жағымсыз қасиеттерден арылу қажет.

Бүгінде дүние жүзінің бірқатар интел­лектуалдары классикалық капита­лизм дағдарысқа тап болғанын ескертіп, оның болашағына күмәнмен қарайды.

Себебі әлемде бай мен кедейдің, білім­ді мен білімсіздің, қала мен ауыл­­дың арасы алшақтап кетті. Бұл үде­ріс­тің қарқыны барған сайын күшейіп келеді. Бизнес тек пайда көз­десе, бі­лім­ділер бөлек орта қалып­тастырды, әр­қайсысы өздері үшін ғана жауап­кершілік арқалайтын болды.

Қалалар тез өсіп-өркендеп, шағын елді мекендердің дамуы тұралады.

Ғалымдар мұның барлығы әлеумет­тік жауапкершіліктің әлсірегенінен деп есептейді.

Әлеуметтік жауапкершілік қайт­кенде орнына келеді? Әрине, бұл – оңай шаруа емес. Осы күрделі мәселенің шешімін Абайдың «Толық адам» формуласынан іздеген жөн. «Толық адам» деген сөз ағылшын тіліндегі «A man of integrity» түсінігіне сай келеді. Бұл – тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама. Қазір тарап жатқан осы ұғымды Абай сонау он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ түсіндіріп айтты.

Адам өмірі тұтасымен түрлі қарым-қатынастардан құралады. Онсыз адам қоғамнан бөлініп қалмақ. Ал қа­рым-қатынас міндетті түрде өзара жауап­кершілікті туғызады. Бұл жауапкер­шілік қара басының қамын биік қоятын өзімшілдік араласқан кезде бұзылады. Сондықтан Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық бо­ласың елден бөлек», деп адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан бөлек, жылы жүрек керек екенін айтады.

Осы үш ұғымды ол үнемі бірлікте қарастырады, бірақ алдыңғы екеуі жүрекке бағынуы керек деп есептейді. Бұл – қазақ халқының өмірлік философиясы.

Осындай таным-түсінікпен өмір сүрген халқымыз өзі қиын жағдайда отырып, өзге ұлттарды бауырына басқан. Өзі асқа жарымай қиналса да, бір тілім нанын бөлісіп жеуді парыз санаған. Үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу бола білген. Осы құндылықтарды дәріптеп, бүгінге жеткізу арқылы халқымыз өзінің ұлт ретінде сақталуы үшін барын салған.

Біз Абайдың «толық адам» тұжыры­мын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеу­лерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келген­де, өмірі­міздің кез келген саласының, мемле­кетті басқару мен білім жүйе­сінің, биз­нес пен отбасы институттары­ның негіз­гі тұғырына айналуы керек деп есеп­теймін.

Абай шығармашылығына арқау болған тақырыптың бірі – масыл­дықпен күрес. Ақын үнемі уайымсыз салғырттыққа, ойын-күлкіге салын­бай, сергек болуға үндейді. Оны ұдайы ең­бек арқылы шыңдап отыруды құп көре­ді. Сонымен қатар орынды әре­кет­­тің уайым-қайғыны жеңетінін дәлел­­деп, масылдықпен күрестің психо­ло­­гия­лық қырларына терең бойлайды. Қазір біз көп айтып жүрген эмоцио­нал­ды интеллектіге де сол тұста назар ау­дар­ды. Мақтан мен масылдық психо­ло­­гия­дан арылып, қайраттанып еңбек етуді, талаптанып білім іздеуді насихат­таған.

Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» – деген қазыналы ойлар бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды санасына берік тоқып, өзінің тынымсыз, адал ең­бегі­мен айналасына үлгі болуы керек.

Халқымыз еңбектің қадірін біледі. Біз ата-аналарымыздың тылдағы ауыр еңбегі жеңіске жетелеген орасан күшке айналғанын ұмытқан жоқпыз. Қазір де қарапайым еңбек адамдарының үлгілі істері жетерлік. Жақында солардың біразы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Ең бастысы, бүгінгідей бейбіт кезең­де әр азамат өзінің еселі еңбегі еліміз­дің экономикасын ілгерілетуге тікелей ықпал ететінін түсінуі қажет.

Абайды өз заманындағы іскерлік­тің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мо­ти­ваторы деуге болады. Ұлы ой­шыл шығармаларында кәсіптен нә­сіп тапқандарды, шаруақорлыққа үйре­ну дағдыларын үлгі етеді. Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек ету­дің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақы­рады. Сонымен қатар ақын баста­машыл­дықты, кәсіптегі адалдықты жоғары қояды. Мысалы, өзінің оныншы қа­ра сөзінде «Ерінбей еңбек қылса, түңіл­мей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?», деп тұжырым жасайды.

Абайдың ойынша, табыс табу үшін қолөнер үйрену керек. Себебі «мал жұтайды, өнер жұтамайды» (отыз үшінші қара сөз). Ұлы ақынның бұл ойлары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін де өзекті деп санаймын. Сондықтан біз бүгінгі таңда шикізатқа тәуелділік психологиясынан арылуды, шағын және орта бизнесті барынша өркендетуді негізгі басымдықтың бірі ретінде белгілеп отырмыз.

Әлемдік мәдениеттің тұлғасы

Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз.

Мен көп жылғы дипломатиялық қызме­тімде басқа елдердің саясаткер­лерімен, түрлі сала мамандарымен жиі кездестім. Шетелдіктермен адамзатқа ортақ көптеген түйткілді мәселе туралы пікір алмасып, ой бөлістім. Жалпы, олар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктері жөнінде жақсы біледі. Ал рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс емес. Осы орайда «Неге қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы танытпаймыз?», деген сұрақ туындайды.

Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.

Абайдың ақындық қуатының терең тамырына үңілген зерттеушілеріміз оның қазақ фольклорынан, Шығыс пен Батыстың сөз өнерінен, орыс әде­биетінен, тарихи еңбектерден сарқыл­мас нәр алғанын айтады.

Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам-танымынан да айқын көрінеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», дейді. Бұл ой-тұжырымға Шығыс пен Батыс философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп, зерделеп барып жеткені анық. Ал отыз сегізінші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді.

Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына ерекше назар аударады. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұ­сылман әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға.

Елордада барлық діннің басын қосып, дәстүрлі жиын өткізіп келе жатқанымызды білесіздер. Мұндай іс-шаралардың мақсаты мен ұлы Абай ұстанымының арасында өзара үйлесімділік бар.

Ақынның барша адамзат баласының жан дүниесінің тазалығын сақтауға деген ниеті бәрімізге ой салады.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы Абай бейнесі көркем образ ретінде әлем әдебиетінде жоғары бағаланғаны белгілі. Бірақ бұл – Абайды танудың бір қыры ғана. Нағыз Абайды, ақын Абайды тану үшін оның өлеңдері мен қара сөздерінде айтылған ой-тұжырымдардың мән-маңызы ашылуы керек. Ол әлемнің кең таралған негізгі тілдеріне барлық бояуын сақтай отырып аударылуы тиіс. Бұған біз толық қол жеткізе алдық деп айту қиын. Нағыз ұлт ақындарын өзге тілдерге аудару – оңай шаруа емес. Аудармашы да сол ойшылдың деңгейіндегі талант болуы керек. Біздің абайтанушы ғалымдарымыз, тіл мамандары мен жанашыр азаматтар осы мәселеге ерекше мән бергені жөн.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер.

Абай – әлемдік деңгейдегі ойшыл­дардың қатарындағы ғажайып тұлға», деген болатын. Шынында да, дана ақын шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани өмірін жан-жақты байыта алады. Өйткені Абай туындыларының мазмұны жалпы­адамзаттық құндылықтарға толы. Оның қара сөздері – әлем халық­­тарының ортақ қазынасы. Бұл – клас­си­калық үлгідегі өнегелі ойлар шоғыры. Нақыл сөз, ғибратты сөз, ғақлия сөздер деп әрқилы аталғанымен, бұл – ерекше жанр.

Абай өзінің қара сөздерінде адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани биікке құлаш сермеп, алысқа қанат қаққанын көрсетеді. Оның қара сөздерінің арқауы – кісілік, мәдениет, ізгілік. Хакім Абайдың қара сөздеріне балама еңбек іздесек, француз ойшылы Монтеньнің жазбалары ойға оралады. Десек те, Монтень өз болмысы мен адам тұлғасы жөнінде көбірек ой толғаса, Абай қара сөздерінің бас­ты миссиясы – ойлану, өзгеге ой салу, мақсатты ұстанымға айналдыру. Демек, ұлы ойшылдың қара сөздері – аса құнды еңбек.

Әлемдік мәдениетте Абайды қанша­лықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай сөзі баршаға ой салуы тиіс.

Дүние жүзінде ғылым мен білімнің түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосып, бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар баршылық. Мысалы, Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық.

Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжы­рымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы.

Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.

Ең алдымен Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен ба­ғалай­тынын ұмытпайық. Сондықтан Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныс­тыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақ­тың қастерлі борышы.

5

 

Торқалы тойдың тағылымы

Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалып­тастырамыз десек, Абайдың шығар­маларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы.

Әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқанын бәріміз жақсы білеміз. Сол сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын.

Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауы тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз.

Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шараға айналады. Сондай-ақ қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Бұл жиындарда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделеніп, оның шығармашылығын ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігіне пайдалануға жол ашылады.

Маңызды жобаның бірі – ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару. Атап айтқанда, Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне тәржі­ма­ланады. Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және «Абай» телесериалы түсіріледі.

Ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайды. Республикалық және ха­лық­аралық деңгейде театр және музыка фестивальдары өтеді. Биылғы бәй­гелер Абай шығармашылығына ар­на­лады. Әдебиет және өнер саласын­дағы үздік шығармаларға берілетін мем­ле­кет­тік сыйлық енді Абай атын­дағы мем­лекеттік сыйлық деп аталатын болады.

Абайдың тұлғасы мен мұра­сын ұлық­тау шетелдерде де жалға­сады. Ресей­дегі, Франциядағы, Ұлыбри­­та­ния­да­ғы және басқа да мемлекеттердегі Қазақ­­станның елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жос­пар­ла­нып отыр. Бұл мәдени іс-шараларды ысы­рап­­шылдыққа жол бермей ұйым­дас­тыру қажет.

Шығыс Қазақстан облысының Ақ­шоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскен­­байұлы әулетінің қорымы абаттанды­рылады.

Сонымен қатар Абай тұл­ғасын жоға­ры дәрежеде дәріптеу үшін Үкімет мына­дай шараларды қолға алуы керек деп есептеймін:

Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қа­ласын тарихи орталық ретінде белгі­леген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрім­нің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны там­ған өңір айрықша құрметке лайық. Осы­ған орай шаһарды әлеуметтік-эко­но­ми­калық тұрғыдан кешенді түрде дамы­тып, ондағы тарихи-мәдени нысандар­ды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкі­метке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын.

Мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды абат­тандырып, ұлы ақынның рухына тағ­зым етуге келетін жұртшылыққа қолай­лы жағдай жасау қажет.

Сонымен қатар Абайдың «Жиде­бай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мә­дени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру керек.

Жидебайда музейге арнайы лайық­талған «Абай мұрасы» атты жаңа ғи­марат салу қажет.

1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негі­зін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек.

Осы және басқа да ауқымды шаралар ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу үшін өткі­зілмек. Ендеше, бүкіл Қазақстан хал­қын осы игі бастамаға белсене атса­лысуға шақырамын.

6

* * *

Біз Абайдың 175 жылдық мерейто­йына қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға сер­пін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп отырмыз.

Бұл тойдың тұсындағы басты мақ­са­тымыз бүкіл халықтың ұлт ұстазы ал­дындағы өзіндік бір есеп беруі іспеттес болуы тиіс деп білемін. Абай сыны – ауыр сын, сындарлы сын.

Елбасы бастап, ел қостап, биік белес­терді бағындырдық. Озық елулікке кіреміз деп мақсат қойдық, ол мақсатқа мерзімінен бұрын жеттік.

Озық отыздыққа қосылуды меже­ледік. Ол межеге де жетеміз. Сол меже­ге жетуге де бізге Абай мұрасы көмек бере алады. Ендігі мәселе – біз Абай­дың көмегін түсіне алдық па, зерделей аламыз ба?

Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндеттің үдесінен шығудың жолын іздеуге ұмтылдыруы тиіс. Әр аза­мат осы тойдың алдында еліміз, елдігі­міз жөнінде терең ойланса дейміз. Абай бізге нені аманаттады? Абай бізден не­ні талап етті? Абай бізден нені күтіп еді? Абай елдің қай ісіне сүйініп еді? Сол сүйін­ген ісінен үйрене алдық па? Абай қазақ­тың қай ісіне күйініп еді? Сол күйін­ген ісінен жирене алдық па? Басқа­сын былай қойғанда, ақын айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпан­ды бойдан қашырып жатырмыз ба деген ой­дың төңірегінде толғансақ та талай жай­ға қаныға аламыз.

Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.

Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.

Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.

 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,  
Қазақстан Республикасының Президенті

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
12 февраля 2020

Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2013 ж. 2-4 қыркүйек – ИР Президенті С. Юдойононың Астанаға мемлекеттік сапары шеңберінде өткен Индонезияның мәдениет күндері.

2014 ж. 12-14 мамыр – гала-концертпен, фотокөрмелермен, сондай-ақ «Жетекші жолы» және «Жаужүрек мың бала» фильмдерінің көрсетілімдерімен Жакартада өткен Қазақстанның мәдениет күндері.

2013 ж. 21 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы университет пен Гунадарма университеті басшылығының кездесуі.

2015 ж. 8-12 наурыз – Гунадарма университеті делегациясының Д. Қонаев атындағы университетке және Қыздар педагогикалық университетіне сапары.

2016 ж. 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Есептеуіш техника мен информатика саласындағы жоғары білім орындары қауымдастығының (APTIKOM) төрағасы З. Хасибуан бастаған индонезиялық делегация Алматыға сапармен барды. Делегация құрамына индонезиялық AMIKOM, Bima Darma University, Undalas University, STMIK Banjarbaru, STT Nusa Putra, YPTK Padang, Gunadarma University университеттерінің ректорлары кірді. Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң университетінде өткен келіссөздердің нәтижесінде APTIKOM мен 9 қазақстандық ЖОО арасында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

2017 ж. 1-5 ақпан – Жакарта қаласында өткен «Indonesian Fasion Week 2017» атты сән аптасына қазақстандық «Самидел» сән үйінің қатысуы.

2018 ж. 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Қазақстанның ұлттық құрамасы Жакарта және Палембанг қалаларында өткен 18-ші Жазғы Азиялық ойындарға қатысты. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медальмен жалпы есепте тоғызыншы орынды иеленді.

2018 ж. 6-13 қазанда Жакарта қаласында өткен III Пара Азиялық ойындарына 91 қазақстандық спортшы қатысты. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан 5 алтын, 15 күміс және 13 қола медальмен 13-ші жалпы командалық орынға ие болды.

Консулдық қызметтерге ақы төлеу
Банк реквизиті
12 февраля 2020

BANK DETAILS

Beneficiary

Embassy of Kazakhstan

USD account

070-0006592682

Bank Name

Bank Mandiri

IMPORTANT! Payment should be made in NET amount, EXCLUDING BANKING FEE. Upon making a payment, please, indicate in IR/TT application form your full name and passport number for verification purposes, otherwise your visa application or any other application will be refused.

Екіжақты қарым-қатынастар
Қазақстанның Индонезиямен және Филиппиндермен қарым-қатынастары
12 февраля 2020

Қазақстандық-индонезиялық қатынастар

Индонезия Республикасы (ИР) Қазақстан Республикасының (ҚР) тәуелсіздігін 1991 ж. 28 желтоқсанда таныды. ҚР мен ИР арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 2 маусымда орнатылды. Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігі 2012 ж. сәуірде ашылды. Индонезияның Қазақстандағы Елшілігі 2010 ж. желтоқсанда ашылды.

2023 жылғы 23 қазанда С.О. Әбдікәрімов Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі болып тағайындалды. 2023 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі С.О.Әбдікәрімов Индонезияның Президенті Джоко Видодоға сенім грамоталарын тапсырды. Индонезияның Қазақстандағы Елшісі болып 2021 ж. 25 қазанда Мохамад Фаджрул Рахман тағайындалды (сенім грамоталарын Қазақстанның Президенті Қ.К. Тоқаевқа 2022 ж. 21 ақпанда табыстады).

Саяси ынтымақтастық

Аса жоғары деңгейдегі байланыстар

1995 жылғы 6-8 сәуір – ИР Президенті М. Сухартоның Қазақстанға мемлекеттік сапары.

1995 жылғы 22-26 маусым – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Индонезияға мемлекеттік сапары.

2012 жылғы 12-14 сәуір – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Индонезияға мемлекеттік сапары.

2013 жылғы 1-3 қыркүйек – ИР Президенті С.Б. Юдойононың Қазақстанға мемлекеттік сапары.

2011 жылғы 7-9 маусым – VII Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына қатысу үшін ИР Вице-Президенті Будиононың Астанаға сапары.

2017 жылғы 8-12 қыркүйек – Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар бойынша бірінші саммитіне қатысу үшін ИР Вице-Президенті Юсуф Калланың Астанаға сапары.

2023 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Климаттық саммиті аясында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев ИР Президенті Дж. Видодомен кездесті.

Жоғары деңгейдегі байланыстар

1994 ж. тамыз – ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтың Индонезияға ресми сапары.

2008 ж. 14-16 мамыр – ИР Сыртқы істер министрі Х. Вираюданың Қазақстанда жұмыс сапары.

2011 ж. 28-30 маусым – ИЫҰ СІМ кеңесінің 38-ші сессиясына қатысу мақсатында ИР Сыртқы істер министрі М. Наталегаваның  Астанаға сапары.

2011 ж. 23-25 қазан – ИР Конституциялық сотының төрағасы М. Махфуд пен судья И. Фариданың Астанаға жұмыс сапары.

2012 ж. 7-13 наурыз – ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Супраптоның Қазақстанға сапары.

2012 ж. 12 қыркүйек – ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары Вардананың АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуіне қатысу мақсатында Астанаға сапары.

2014 ж. 28-31 тамыз – ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Индонезияға ресми сапары. Сапар шеңберінде екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты консультациялар туралы өзара түсіністік жайлы меморандумға қол қойылды.

2016 ж. 15 сәуір – ЭКСПО-2017 Комиссары Р. Жошыбаевтың Жакартаға сапары.

2017 ж. 15-16 маусым – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Камалдиновтің ҚР Президентінің Арнайы өкілі ретінде Жакартаға жұмыс сапары. Сапар шеңберінде ИР Вице-Президенті Ю. Калламен кездесу және ҚР СІМ мен ИР СИМ арасындағы саяси консультациялар өтті.

2017 ж. 7-8 желтоқсан – 10-шы Бали демократиялық форумына қатысу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары М. Тілеубердінің Жакартаға сапары. Форум аясында М. Тілеуберді ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.М. Фахирмен келіссөздер өткізді.

2018 ж. 5-6 сәуір – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Камалдиновтің Жакартаға жұмыс сапары.

2018 ж. 10-11 қазан – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысу мақсатында ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.М. Фахирдің Астанаға сапары.

Парламентаралық ынтымақтастық

Соңғы жылдары екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық белсенділігінің артуы байқалуда. 2013 жылдан бастап Индонезияның Өкілдер палатасының делегациялары Қазақстанға бірнеше рет сапармен келді. Қазақстандық депутаттар да парламенттік іс-шараларға қатысу мақсатында Индонезияға сапармен барды (2013 ж. 2-5 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты М.Б. Тінікеев; 2014 ж. 12-13 қарашада – Мәжіліс депутаттары О.Н. Өксікбаев пен С.Ж. Оспанов; 2014 ж. 28-31 тамызда – Сенат депутаты Б. Әйтімова; 2015 ж. 19-24 сәуірде – Мәжіліс төрағасының орынбасары А. Тасболатов; 2015 ж. 19-20 тамызда – Сенат депутаттары С. Біләлов және А. Күзеков, 2022 ж. – Мәжіліс депутаттары А. Құспан, Е. Абақанов, А. Сқақова; Сенат Төрағасының орынбасары О. Перепечина).

2016 ж. 2-10 желтоқсанда ИР Өкілдер палатасының Сауда, индустрия, инвестициялар, кооперативтер, шағын, орта және мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері жөніндегі VI комиссиясының төрағасы А. Натавиджана және ИР Өкілдер палатасының Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің мүшесі С. Тамлих бастаған индонезиялық парламенттік делегация Астанаға жұмыс сапармен барды.

2018 ж. 12-14 наурызда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаевтың Индонезияға сапары өтті. Сапардың басты оқиғасы – Қ. Тоқаевтың 2018 ж. 13 наурызда Индонезия Президенті Ж. Видодомен кездесуі. Кездесуде Сенат спикері Индонезияның басшысына Қазақстанға ресми сапармен келуге және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысуға Н.Ә. Назарбаевтың шақыруын жеткізді. Сапар барысында Қ. Тоқаев ИР Вице-Президенті Юсуф Калламен, Халықтық консультативтік  ассамблеяның төрағасы Зулкифли Хасанмен және Халық өкілдері кеңесінің төрағасы Бамбанг Сусатиомен кездесті.

2018 ж. сәуір – мамыр кезеңінде Энергетика, табиғи ресурстар, зерттеулер мен технологиялар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі VII комиссияның, Көлік, байланыс, қоғамдық жұмыстар, тұрғын үй құрылысы, ауыл аумақтары мен даму жағынан артта қалған өңірлерді дамыту жөніндегі V комиссияның және Заң шығару комитетінің мүшелері болып табылатын ИР Өкілдер палатасы депутаттарының, сондай-ақ ИР Өкілдер палатасы төрағасының орынбасары У. Адианто бастаған ИР парламенттік делегацияның Қазақстанға сапарлары өтті.

2018 ж. 22-28 қазанда ИР Өкілдер палатасы Парламентаралық ынтымақтастық комитетінің төрағасы Н. Асегаф бастаған комитет делегациясы Астанаға сапармен барды.

2019 ж. 23-24 қыркүйекте ИР Халық өкілдері кеңесінің Вице-спикері Фадли Зон және ИР Өңірлік өкілдер кеңесінің Вице-спикері Дармаянти Любис Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV отырысына қатысты. Іссапар барысында вице-спикерлер ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары А. Шәкіровпен кездесті.

2023 ж. сәуір – ИР Өңірлік өкілдер кеңесі Төрағасының орынбасары  Ноно Сампоно бастаған парламенттік делегация Қазақстанның елорданы көшіру тәжірибесімен танысу үшін Астанаға сапармен барды.

2023 ж. қарашада ИР Парламенті Парламентаралық ынтымақтастық комитетінің төрағасы Ф.Зон Қазақстанға сапармен барды.

Ведомствоаралық ынтымақтастық

2014 ж. 25-26 маусымда Денпасарда ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті мен Индонезияның әуе билігі арасында үкіметаралық әуе қатынасы туралы келісім жобасы бойынша келіссөздер өтті.

2016 ж. 14 наурыз – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына Индонезияның қосылуы мүмкіндігін талқылау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е. Көшербаевтың Жакартаға жұмыс сапары.

2016 ж. 19 қазан – ИР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Бас директоратының Хатшысы Д. Кусдиананың Астанаға жұмыс сапары.

2016 ж. 25-26 қазан – Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасы Алқасының Астанада өткен 35-ші отырысына ИР Экономика мәселелері бойынша үйлестіруші министрінің орынбасары М. Гирианнаның қатысуы.

2022 ж. 3-6 қаңтар – Қазақстанның астана көшіру тәжірибесімен танысу мақсатында ИР Ұлттық дамуды жоспарлау министрлігінің өкілдері мен индонезиялық парламентарийлерден құрылған және Министрліктің хатшысы Химаван Хариёга Джоджокусумо бастаған делегацияның Қазақстанға сапары.

2023 жылғы 2-5 шілдеде Индонезияның болашақ жаңа астанасы Нусантара әкімшілігінің басшысы Б. Сусантононың Астана қаласына сапары өтті. Оның шеңберінде Астана мен Нусантара арасындағы бауырластық байланыстар туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, Б. Сусантоно елорданың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумына қатысты.

Көпжақты ынтымақтастық

Қазақстан 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне, ИКАО-ға, Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі халықаралық қорға, 2020-2021 жылдарға Халықаралық теңіз ұйымының Кеңесіне, 2020-2022 жылдарға БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне Индонезияның кандидатурасын қолдады.

Индонезия ЭКСПО-2017 көрмесіне Астананың кандидатурасын, ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра комитетіне, АСЕМ-ге, 2022-2024 жылдарға БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне Қазақстанның кандидатурасын қолдады.

Түрлі халықаралық шараларға қатысу шеңберінде Индонезияға ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Ж. Айтжанованың (2013 ж. 3-9 желтоқсан), ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Т. Мұхтаровтың (2015 ж. 27-28 шілде), ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Е. Байдәулеттің (2016 ж. 15-19 мамыр), сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (2013 ж. 21-24 қазан және 2014 ж. 24-27 наурыз) мен «Kaznex Invest» АҚ (2016 ж. 2 маусым) делегацияларының сапарлары өтті.

2016 ж. 24-25 ақпан – ИР Энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары – Индонезияның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі комиссары Р. Мульянаның Астанаға жұмыс сапары.

2016 ж. 26-28 сәуір – Астанада өткен Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшылық отырысына және Ислам ынтымақтастық ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі 7-ші конференциясына ИР Ауыл шаруашылығы министрінің инновациялар және технологиялар бойынша кеңесшісі М. Шукурдің қатысуы.

2016 ж. 29 қыркүйек – АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетовтің Жакартада өткен Жаһандық исламдық қаржы марапатын (GIFA 2016) табыстау рәсіміне қатысуы.

2017 ж. 8-9 маусым – ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылуына және ШЫҰ саммитіне АСЕАН-ның Бас хатшысы Л.Л. Миньнің  қатысуы.

2018 ж. 25-26 қазан – Астанада өткен Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференцияға ИР Денсаулық сақтау министрі Н. Мулуктің қатысуы.

2019 ж. 17-18 қыркүйек – Нұр-Сұлтан қаласында өткен Сот әкімшілендіру жөніндегі халықаралық қауымдастықтың Аймақтық отырысына қатысу мақсатында судья Э. Нурбанингсих бастаған ИР Конституциялық соты делегациясының сапары. Сапар барысында Э. Нурбанингсих ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәмимен кездесті.

2019 ж. 9-12 қазанда ИР Қоғамдық жұмыстар және тұрғын үй құрылысы министрі Б. Хадимулджоно Дүниежүзілік туристік ұйымының Қалалық туризм бойынша Нұр-Сұлтанда өткен 8-ші жаһандық саммитіне қатысты. Сапар барысында Б. Хадимулджоно астананы көшіру тәжірибесін талқылау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Күлгіновпен кездесті.

2019 жылғы 2-4 қарашада ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәми Индонезияның Конституциялық сотының 3-ші халықаралық симпозиумына, сондай-ақ Хатшылығы Джакартада орналасқан Азиялық конституциялық соттар мен эквивалентті институттар қауымдастығына (AACC) мүшелердің комитеті отырысына қатысу үшін Бали аралына сапармен барды. Қауымдастық отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанның Конституциялық Кеңесі 2019-2021 жылдарға AACC төрағасы болып сайланды. Іс-шаралар жиегінде Қ. Мәми Индонезияның Конституциялық сотының төрағасы Анвар Усманмен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2022 ж. 5-6 қазан – ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәмидің Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның 5-ші Конгресіне, сондай-ақ Азия және Африка Конституциялық соттар қауымдастықтарының бірлескен конференциясына қатысу үшін Индонезияға сапары.

Астана экономикалық форумына Индонезияның қатысуы: V форумға ИР Экономика мәселелері бойынша үйлестіруші министрі Х. Раджаса және ИР Өнеркәсіп министрі М. Хидайат, VI форумға ИР Экономика мәселелері бойынша үйлестіруші министрінің орынбасары Р. Лукман, VII форумға ИР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау қызметінің бас директоры А. Тахер және ИР Қаржы министрлігінің Халықаралық салық салу мәселелері бойынша директоры Ж. Хутагаол, IX форумға Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Ф. Гултом, XII форумға Индонезияның бұрынғы қаржы министрі Мухаммад Чатиб Басри қатысты.

Әскери-техникалық ынтымақтастық

2015 ж. 29-30 қазан – ИР Қорғаныс министрлігінің жанындағы индонезиялық PT. Widya Karya Persada компаниясы басшылығының Астанаға сапары.

2016 ж. 19-21 қыркүйек – ҚР Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс стратегиясы жөніндегі бас директоратының Стратегиялық анализ бойынша директоры Н.П. Джавотоның Астанаға жұмыс сапары.

2017 ж. қарашадан 2019 ж. қыркүйекке дейін Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігі жанында ҚР Әскери атташесінің аппараты қызмет етті.

 

Қазақстандық-филиппиндік қатынастар

Филиппиндер Қазақстанның тәуелсіздігін 1992 ж. 22 қаңтарда таныды.

Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 25 наурызда орнатылды.

2020 ж. 22 мамырда Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Д. Сарекенов Қазақстанның Филиппиндердегі Елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалды (жаңа міндетін ресми атқаруды 2021 ж. 28 маусымда бастады). Карантиндік шектеулерге байланысты Филиппиндердің Президентіне сенім грамоталарын ұсыну рәсімі өткізілген жоқ. Жайғасу жері Мәскеу болып табылатын Филиппиндердің Қазақстандағы елшісі ретінде Игор Байлен тағайындалды (сенім грамоталарын ҚР Президенті Қ. Тоқаевқа 2023 ж. 30 мамырда тапсырды).

Саяси ынтымақтастық

Аса жоғары деңгейдегі кездесулер:

2003 ж. 10-12 қараша – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Манилаға алғашқы мемлекеттік сапары (2003 ж. 11 қарашада сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Филиппиндер Республикасының арасындағы достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияға, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Филиппиндер Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері болып табылатын азаматтарды виза ресімдеуден босату туралы келісімге, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Филиппиндер Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды).

Жоғары деңгейдегі кездесулер:

2005 ж. 23-25 тамыз – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі мен министрліктерінің қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобының филиппиндік мемлекеттік-жекешелік әріптестік үлгісін тану мақсатындағы сапары;

2006 ж. 27-28 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Жошыбаевтың Маниладағы «Діндер арасындағы жаһандық диалог» атты халықаралық конференцияға қатысу мақсатындағы сапары;

2008 ж. 16 қазан – Филиппиндердің арнайы өкілі – Энергетика экс-министрі В.С. Перестің Азиядағы ынтымақтастық диалогы Сыртқы істер министрлерінің Астанадағы 7-ші кеңесіне қатысу мақсатындағы сапары;

2008 ж. 12-13 қараша – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Спикері Қ. Тоқаевтың Филиппиндер Республикасының Президенті Г. Арройомен Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы шеңберіндегі кездесуі;

2011 ж. 28-30 маусым – Филиппиндер Республикасының Сыртқы істер хатшысының (министрінің) орынбасары Р. Сергиустің Ислам конференциясы ұйымы Сыртық істер министрлерінің Астанадағы 38-ші кеңесіне қатысу мақсатындағы сапары;

2012 ж. 2-5 мамыр – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р. Даленов бастаған қазақстандық делегацияның Азия Даму Банкінің (АДБ) Басқарушылар кеңесінің 45-ші жыл сайынғы отырысына қатысу мақсатындағы Манилаға сапары;

2014 ж. 1 қазан – Маниладағы бірінші қазақстандық-филиппиндік саяси консультациялар (қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мусинов, филиппиндік делегацияны Филиппиндер Республикасының Сыртқы істер хатшысының (министрінің) орынбасары Л. Росарио бастады).

Парламентаралық ынтымақтастық:

2004 ж. 24-26 тамыз – Азиялық сайлау органдары қауымдастығы Атқарушы комитетінің Төрағасы Б. Абалостың «Сайлау жүйесін жетілдіру» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу мақсатындағы Қазақстанға сапары;

2007 ж. 28-30 қараша – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы Ж. Досқалиевтің АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша Маниладағы парламентарилердің бірінші жаһандық кездесуіне қатысуы.

Партияаралық ынтымақтастық:

2009 ж. 27-29 наурыз – Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының (АСПХК) Тұрақты комитетінің тең төрағасы  – Филиппиндер Конгресінің Өкілдер палатасының бұрынғы Спикері Хосе де Венеция бастаған филиппиндік делегацияның «Нұр-Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының төрағалығымен өткен АСПХК Тұрақты комитетінің Астанадағы 10-шы отырысының жұмысына қатысу мақсатындағы сапары;

2009 ж. 24-26 қыркүйек – үш саяси партияның: Филиппиндік көпшілік партиясының (Party of the Filipino Masses), Демократиялық филиппиндіктер күресінің (Fight of Democratic Filipinos) және Ұлттық партияның (Nationalista Party) өкілдерінің АСПХК Бас Ассамблеясының Астанадағы 5-ші отырысының жұмысына қатысуы;

2011 ж. 11 ақпан – АСПХК төрағасы Хосе де Венецияның «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының XIII съезінің жұмысына қатысуы және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевқа «Көрнекті жетістіктері және адамзатқа қызметі үшін» орденін табыс етуі;

2011 ж. желтоқсан – Филиппиндер Конгресінің Өкілдер палатасының бұрынғы Спикері Хосе де Венецияны екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау.

Көпжақты ынтымақтастық:

2007 ж. 4-5 шілде – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі делегациясының Орталық Азиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) шеңберіндегі Көлік секторы жөніндегі үйлестіру комитетінің 7-ші отырысына және ОАӨЭЫ Көлік секторының стратегиясы бойынша 2-ші консультациялық семинарға қатысу мақсатындағы Манилаға сапары;

2011 ж. 3-4 мамыр – Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясы (АСПХК) Тұрақты комитетінің тең төрағасы, Филиппиндер Конгресінің Өкілдер палатасының бұрынғы Спикері Хосе де Венецияның IV Астаналық экономикалық форумның жұмысына қатысу мақсатындағы сапары;

2012 ж. 27-29 тамыз – АСПХК Тұрақты комитетінің тең төрағасы Хосе де Венецияның және Филиппиндердің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушылардың Шарттың қолданысын қарастыру бойынша 2010 жылғы конференциясының төрағасы Л. Кабактуланның «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысу мақсатындағы Астана, Семей және Курчатовқа сапарлары;

2012 ж. 12 қыркүйек – Филиппиндер Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі М. Аларилланың және Филиппиндер Республикасы Сыртқы істер департаментінің Еуропалық істер жөніндегі офисінің директоры К. Мангунайдың АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің мерейтойлық сессиясына және 4-ші кеңесуіне қатысу мақсатындағы  Астанаға сапарлары;

2012 ж. қараша – Филиппиндер Үкіметінің ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша Астананың кандидатурасын ресми қолдауы;

2013 ж. 21-25 мамыр – Қазақстан Республикасының Филиппиндер Республикасындағы Құрметті Консулы Д. Уи бастаған филиппиндік бизнес делегацияның V Астаналық экономикалық форумның жұмысына қатысу мақсатындағы сапары;

2017 ж. 20-21 наурыз – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М. Сәрсембаевтың Азиялық сайлау органдары ассамблеясының отырысына қатысу мақсатындағы Манилаға сапары.

Қазақстан БҰҰ Аудиторлар кеңесіне, Азия және Тынық мұхиты бойынша статистикалық институтының Басқарушылар кеңесіне Филиппиндердің  кандидатурасын қолдады. Филиппиндер Қазақстанның БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясына кандидатурасын қолдады.

Шарттық-құқықтық база
ШАРТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
12 февраля 2020

Қазақстандық-индонезиялық шарттық-құқықтық база

  1. Қазақстан Республикасы мен Индонезия Республикасы арасындағы 1995 жылғы 7 сәуірдегі бірлескен мәлімдеме
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияны құру туралы 2013 жылғы 2 қыркүйектегі өзара түсіністік туралы меморандум
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Индонезияның Банкі арасындағы 1995 жылғы 23 маусымдағы келісім
  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалардан босату туралы 2012 жылғы 13 сәуірдегі келісім;
  5. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Индонезия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы экономика, сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы 1995 жылғы 23 маусымдағы келісім
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы 1995 жылғы 7 сәуірдегі келісім
  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Индонезия Республикасының Дәрі-дәрмек пен азық-түлікке бақылау жүргізу жөніндегі ұлттық агенттігі арасындағы 2016 жылғы 2 қарашадағы келісім
  8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы 2012 жылғы 13 сәуірдегі хаттама
  9. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Индонезия Республикасының Өкілдер палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2016 жылғы желтоқсан)
  10. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Индонезия Республикасының Білім және мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы 2013 жылғы 2 қыркүйектегі меморандум;
  11. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы дипломатиялық оқыту мен тренингтер саласындағы өзара түсіністік туралы 2013 жылғы 2 қыркүйектегі меморандум
  12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қаржылық есеп пен транзакциялар жөніндегі индонезиялық орталық арасындағы ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен байланысты қаржылық ақпаратпен алмасу бойынша ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы 2013 жылғы 2 қыркүйектегі меморандум
  13. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Индонезия Республикасының Терроризмге қарсы ұлттық агенттігі арасындағы терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы 2013 жылғы 2 қыркүйектегі меморандум
  14. Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Индонезияның Сауда-өнеркәсіп палатасының Ресей және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жөніндегі комитеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2014 жылғы мамыр)
  15. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында екі жақты консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы 2014 жылғы 30 тамыздағы меморандум;
  16. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Индонезия Республикасының Қаржылық қызметтер басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы 2016 жылғы 29 қыркүйектегі меморандум;
  17. Д. Қонаев атындағы университет пен Гунадарма университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара түсіністік туралы 2013 жылғы 21 желтоқсандағы меморандум
  18. Қазақстанның туристтік агенттіктер қоғамдастығы мен Индонезияның туристтік агенттіктер қоғамдастығы (ASITA) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2016 жылғы қыркүйек)
  19. Индонезия Республикасының Есеп шығару техникасы және информатика саласындағы жоғары оқу орындарының қоғамдастығы (APTIKOM) мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, Д.А. Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстандық-британиялық техникалық университет, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум (2016 жылғы қыркүйек)
  20. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Индонезия Республикасының Конституциялық соты арасындағы өзара түсіністік туралы 2019 жылғы 2 қарашадағы меморандум
  21. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Индонезия Республикасының Дәрі-дәрмек пен азық-түлікке бақылау жүргізу жөніндегі ұлттық агенттігі арасындағы дәрілік заттар саласындағы ынтымақтастық бойынша іс-әрекет жоспары, 2020 ж. 10 қыркүйекте мақұлданды

  22. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен Индонезияның туристтік агенттіктерінің қауымдастығы (ASITA) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, 2021 ж. 27 мамырда қол қойылды

  23. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы, 2021 ж. 23 қыркүйекте қол қойылды

  24. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы COVID-19 коронавирустық инфекциясынан вакцинациялау сертификаттарын өзара тануға қатысты өзара түсіністік меморандумы, 2021 ж. 3 желтоқсанда қол қойылды

  25. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Индонезия Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниет туралы хат, 2021 ж. қол қойылды

 

Қазақстандық-филиппиндік шарттық-құқықтық база

  1. Қазақстан Республикасы мен Филиппиндер Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 11 қарашадағы бірлескен декларация
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Филиппиндер Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері болып табылатын азаматтарды виза ресімдеуден босату туралы 2003 жылғы 11 қарашадағы келісім
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Филиппиндер Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 11 қарашадағы келісім
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Индонезиямен және Филиппиндермен экономикалық ынтымақтастық
12 февраля 2020

Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық

2024 жылы тауар айналымы 300 млн АҚШ долларын құрады (+5% 2023 жылмен салыстырғанда), оның ішінде экспорт – 120,7 млн, импорт – 179,7 млн.

2023 жылы екіжақты сауда көлемі 286,4 млн АҚШ долларына жетті (-28,7% 2022 жылмен салыстырғанда), экспорт – 95,2 млн, импорт – 191,2 млн. Қазақстаннан экспорттың негізгі үлесін феррохром құрайды, ал импортта теледидарлар, мониторлар мен проекторлар, жеңіл автокөліктер басым.

2022 ж. тауар айналымы $399,2 млн құрады (2021 жылмен салыстырғанда х2,3), оның $244,3 млн – Индонезияға экспорт (х1,8), $154,9 млн – Индонезиядан импорт (х3,9). Қазақстандық экспортты негізінен феррохром (98%), импортты телевизиялық байланысқа арналған қабылдау аппаратурасы (62,5%), көлік құралдары (9,6%), қалайы (3%), өсімдік майлары (2,5%), «интеллектуалды карталар» (1%) құрады.

2021 ж. Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы $174 млн. құрады (2020 жылмен салыстырғанда 2 есе артты), оның $134 млн. – Индонезияға экспорт (2,7 есе артты), $40 млн – Индонезиядан импорт (+9,5%). Қазақстандық экспортты негізінен феррохром (82%) және темірден жасалған жартылай фабрикаттар / қоспасыз болат (17%) құрады; импорттың жартысын өсімдік майлары құрады.

2020 ж. Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы $86,7 млн. құрады (2019 жылмен салыстырғанда 4,3 есе кеміді), оның $50,2 млн. – Индонезияға экспорт (-48,2%), $36,5 млн – Индонезиядан импорт (-86,8%). Қазақстандық экспортты 97,6%-ға феррохром құрады; импорт құрылымында пальма майы басым болды.

2019 ж. екі ел арасындағы тауар айналымы 370 млн. АҚШ долларына жетті (276 млн. АҚШ доллары – Индонезиядан импорт және 94 млн. АҚШ доллары – Индонезияға экспорт). 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, бұл 2,5 есе жоғары.

2018 ж. Индонезиямен сауда-саттық 132,5 млн. АҚШ долларын құрады (10,3 млн. АҚШ доллары – Индонезияға экспорт; 122,2 млн. АҚШ доллары – Индонезиядан импорт).

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған сапарлар

2012 ж. 7-13 наурыз – ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Супраптоның және ИР Экономикалық мәселелер бойынша үйлестіруші министрінің орынбасары А. Лукманның Қазақстанға сапары.

2016 ж. 10 мамыр – Ляньюньгандағы қазақстандық терминалды презентациялау мақсатында Ляньюньгандағы қазақстандық-қытайлық халықаралық логистикалық компания басшылығының Жакартаға сапары.

2016 ж. 25-27 мамыр – Индонезиялық PT Mayora Group Tbk. компаниясының 18-ші қазақстандық халықаралық «Интерфуд» көрмесіне қатысуы.

2016 ж. 3-11 қыркүйек – «Pata Travel Mart 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының, Қазақстанның туристік агенттіктері қоғамдастығының және Қазақстанның өңірлері өкілдерінен құрылған қазақстандық делегацияның Жакартаға сапары.

2016 ж. 2 қараша – ИР Дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдерін бақылау жөніндегі ұлттық агенттігінің төрағасы П. Лукито бастаған Индонезияның фармацевтика саласындағы іскер топ өкілдерінің Алматыға сапары.

2019 ж. 28 ақпан – Түркістан облысы әкімдігі делегациясының Жакартаға сапары.

2019 ж. 9 мамыр – Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы делегациясының Жакартаға сапары.

2022 ж. 15 шілде, 29 тамыз және 21 желтоқсанда «PT. Quantum Bersama Nile Ltd.» компаниясының Алматы және Шымкент қалаларына сапары өтті.

2022 ж. 5-15 қыркүйекте Индонезияның 7 ірі туроператоры ASITA индонезиялық туроператорлар мен агенттіктер қауымдастығының басшылығымен Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларына сапар жасады.

2022 ж. 19-21 желтоқсанда «PT. Jawa Lumbung Mas», «PT. Frootiful Natural Nusantara», «PT. Sekar Laut Tbk.» компаниялары Алматы қаласына келді.

2023 ж. 15-20 маусымда «Indrillco Group» компаниясының Алматы және Қостанай қалаларына сапары өтті.

2023 ж. 2-5 шілдеде Индонезияның жаңа астанасы Нусантара әкімшілігінің басшысы Б. Сусантоно Астана қаласында 25 жылдық мерейтойына арналған Астана қалаларының бауырлас форумына қатысты.

2023 ж. 1-4 қазанда Индонезияның Энергетика министрлігінің делегациясы Мұнай-газ бағдарламаларын дамыту жөніндегі директор М. Гунаванның басшылығымен Астана қаласында өткен «Kazakhstan Energy Week 2023» шарасына қатысты.

2023 ж. 18-23 қазанда «Mining Industry of Indonesia», «PT. Timah Tbk.» компаниялары Астана, Алматы және Степногорск қалаларына сапар жасады.

Бизнес-форумдар: 2012 ж. 21-23 мамыр – V Астана экономикалық форумы аясындағы қазақстандық-индонезиялық бизнес-форум.

2014 ж. 4-6 мамыр – аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бизнес делегациясының Жакарта қаласына сапары шеңберіндегі қазақстандық-индонезиялық бизнес-форум.

Үкіметаралық комиссия: 2013 ж. 21-22 тамыз – ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Е. Досаев пен ИР Экономика мәселелері бойынша үйлестіруші министрі Х. Раджасаның тең төрағалығымен Жакартада өткен Үкіметаралық комиссияның 1-ші отырысы.

 

Қазақстан мен Филиппиндер арасындағы экономикалық ынтымақтастық

2023 жылдың 11 айында тауар айналымы $25,7 млн. жетті, оның ішінде Филиппиндерге экспорт $248 мың, Филиппиндерден импорт $25,5 млн. құрады. Қазақстандық экспорт құрылымында механикалық құрылғылар, импорт құрылымында принтерлер, көшірме машиналары, факсимильді аппараттар басым болды.

2022 ж. тауар айналымы $27 млн құрады (2021 жылмен салыстырғанда +73%), оның ішінде Филиппиндерге экспорт – $59,4 мың (74 есе төмендеді), Филиппиндерден импорт – $27 млн (2,4 есе өсті). Қазақстандық экспорт құрылымында банкоматтар (48%), бұрғылау құралдары (14%), кеңсе жабдықтарының керек-жарақтары мен бөлшектері (8%), қозғалтқыштар (7%), мониторлар (6%), импорт құрылымында принтерлер (16%), көшіру машиналары (14%), статикалық түрленгіштер (13%), көпфункционалды аппараттар (8%), шиналар мен дөңгелек тыстары (4%) басым болды.

2021 ж. ҚР мен Филиппиндер арасындағы тауар айналымы $15,6 млн құрады (2020 жылмен салыстырғанда -15,6%), оның ішінде Филиппиндерге экспорт – $4,4 млн (+2%), Филиппиндерден импорт – $11,1 млн (-21%). Экспорт құрылымында темір мен қоспасыз болаттан жасалған жартылай фабрикаттар (98%), импорт құрылымында кеңсе жабдықтары мен статикалық түрлендіргіштер басым болды.

2020 ж. екі ел арасындағы тауар айналымы $18,4 млн құрады (2019 жылмен салыстырғанда +25%), оның ішінде Филиппиндерге экспорт – $4,3 млн (300 еседен астам өсім), Филиппиндерден импорт – $14,1 млн (-4,1%). Қазақстандық экспорттың күрт өсуі Филиппиндерге темір мен қоспасыз болаттан жасалған жартылай фабрикаттарды жеткізу есебінен орын алды (экспорт көлемінің 99,9%).

2019 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық $14,7 млн. құрады ($13,8 мың – экспорт; $14,7 млн. – импорт). 2018 ж. көрсеткішпен салыстырғанда, бұл 8 есе кем.

2018 ж. Қазақстан мен Филиппиндер арасындағы сауда-саттық $119,4 млн. құрады ($103,7 млн. – экспорт; $15,7 млн. – импорт). 2018 ж. сауданың өсуі қазақстандық мұнай және темір мен қоспасыз болаттан жасалған жартылай фабрикаттардың Филиппиндерге экспортталуы арқасында орын алды.

2016 ж. 6 мамырда «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен Ляньюньган Қазақстандық-Қытайлық халықаралық логистикалық компаниясының Бас директоры Лю Бин және оның орынбасары Қ. Нұралы Манилада қытайлық Ляньюньган портындағы қазақстандық терминалды филиппиндік іскерлік топтар үшін презентациялады.

Консулдық бөліммен байланыс
12 февраля 2020

Жұмыс. тел.: +62 21 252 0252

Моб. тел.: +62 812 1100 1803 (тек шұғыл мәселелер бойынша)

Социальные сети
Instagram
Facebook
Telegram
Twitter
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері