
Кездесу барысында тараптар Қазақстан азаматтарының провинция аумағында тұруы, көші-қон есебі, сондай-ақ консулдық және көші-қон қызметтерін көрсету мәселелері бойынша пікір алмасты. Бас консулдық пен Көші-қон басқармасы арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері талқыланды.
Әртүрлі жағдайларға дер кезінде әрекет ету мақсатында жұмыс байланыстары жолға қойылып, өзара іс-қимыл тетіктері айқындалды.
Кездесу конструктивті және іскерлік атмосферада өтті.