
Іс-шараға өңірдің түрлі экономикалық салаларында Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытқан бизнес өкілдері қатысты.
Қазақстанның Измир қаласындағы Бас консулы Бауыржан Ақатаев және Түркиядағы «KazakhInvest» өкілі Ерсултан Жанабаев қатысушыларға Қазақстандағы негізгі инвестициялық мүмкіндіктер мен өзекті бағыттар бойынша жан-жақты ақпарат ұсынды.
Кездесу тоқыма өндірісі, машина жасау және жүзім шаруашылығы салаларының өкілдері қатысқан мазмұнды пікірталаспен қорытындыланды.