Измир қаласында Қазақстанның Бас консулы мен Түркия Сыртқы істер министрлігінің Измирдегі өкілі арасындағы алғашқы кездесу өтті

Измир қаласында Қазақстанның Бас консулы мен Түркия Сыртқы істер министрлігінің Измирдегі өкілі арасындағы алғашқы кездесу өтті

2025 жылғы 14 сәуірде Измир қаласында Қазақстанның Бас консулы Бауыржан Ақатаев пен Түркия Сыртқы істер министрлігінің Измирдегі өкілі, Ешим Кебабджиоглу ханым арасындағы алғашқы кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстанның Бас консулдығының толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті алдағы қадамдар талқыланып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағы жөнінде пікір алмасылды.