Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Ә. Байел Ыстанбұл өнеркәсіп палатасы және Икителли өнеркәсіптік аймағына барды

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Ә. Байел  Ыстанбұл өнеркәсіп палатасы және Икителли өнеркәсіптік аймағына барды

Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы Әлім Байел және KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының өкілі Нұрлан Ахметов Ыстанбұл өнеркәсіп палатасы және Икителли өнеркәсіптік аймағының басшылығымен кездесті.

2020 жылғы 28 тамызда Бас консул Әлім Байелдің Ыстанбұл өнеркәсіп палатасының Бас хатшысы Хактан Акынмен өткен кездесуінде Түркияның ең ірі 1000 өндіріс кәсіпорындары қатарына кіретін компаниялардың Қазақстанға инвестиция салу мәселелері талқыланды. Тараптар Ыстанбұл өнеркәсіп палатасының мүшелері үшін арнайы Қазақстан күнін өткізуге уағдаласты.

2020 жылғы 1 қыркүйекте түрік экономикасына үлкен үлес қосып келе жатқан Икителлі өнеркәсіптік аймағының басқарма басшысы Махмұт Мұстафа Айдынмен өткен кездесуде әсіресе жеңіл өнеркәсіп саласындағы компаниялардың Қазақстанда жұмыс жасау мүмкіндіктері жөнінде сөз болды. Тараптар осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға келісті.