Ыстанбұлда Наурыз мейрамы ерекше атап өтілді

Ыстанбұлда Наурыз мейрамы ерекше атап өтілді

Ыстанбұл, 2024 жылғы 22 наурыз - Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Наурыз мейрамын тойлау аясында қазақтың әйгілі «Сарыарқа», «Адай», «Ата толғауы» және «Әлқисса» күйлерінің орындалуын ұйымдастырды.

Іс-шара Ыстанбұлдың қақ ортасында, әйгілі Сұлтанахмед алаңы мен Базилика цистернасында өткізілді.

Құрманғазы Сағырбайұлы мен Нұрғиса Тлендиевтің шығармаларын Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен 2023 жылдың желтоқсан айында Зейтінбұрны ауданындағы Абай Құнанбайұлы атындағы мектепте ашылған домбыра курсының тыңдаушылары орындады.

Іс-шара, Ыстанбұл тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті көрермендер тарапынан ерекше сый-құрметке ие болды. Сондай-ақ, іс-шараны тамашалаған көрермендер Қазақстанды және барша түркі халықтарын осы айтулы мерекемен құттықтады!