Түркияда білім алып жатқан қазақстандық қыздар Ыстанбұлда басқосты

Түркияда білім алып жатқан қазақстандық қыздар Ыстанбұлда басқосты

Ыстанбұл, 2024 жылғы 9 наурыз – Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Ыстанбұл және Анталиядағы Бас консулдықтарының бірлесіп ұйымдастыруымен, 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы аясында, Түркияда білім алып жатқан қазақстандық қыздар арасында волейболдан турнир өткізілді. Турнирдың басты мақсаты – жастарды бірлестіру мен жаңа бастамаларды бірлесе іске асыру болып табылады.

Турнирге 500-ден астам қазақстандық білімгерлер қатысып, Түркияның 17 қаласынынан 18 команда арасынан ақтық мәреде  ең үздік болып Бартын қаласынан келген команда жеңіске қол жеткізіп, биылғы кубок пен алтын медальдарын өз қанжығасына байлады. Екінші орынды Болу қаласынан келген студенттер иеленсе, үшінші орынды Зонгулдак қаласынан келген білімгерлер алды.

Қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын сақтау және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында жалпы Түркиялық ауқымды, жыл сайын өтетін іс-шаралар қатарына қыздар арасында волейбол турнирінің өз орны бекітілді.

Іс-шара соңында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл студенттерге оқу жылында сәттілік тілеп, білім алушы жастарға Қазақстанның болашағын білім, ғылым, мәдениет пен спортты бірге ала білген жаңа лептің қолында екенін атап өтті.