Қазақстандық дәрігерлерден құралған төртінші топ Түркияда әріптестерімен тәжірибе алмасты

Қазақстандық дәрігерлерден құралған төртінші топ Түркияда әріптестерімен тәжірибе алмасты

2024 жылғы 4 наурыз – Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 12 ақпан – 1 наурыз аралығында Ыстанбұлдағы Анадолу клиникасы негізінде төрт апталық тәжірибе алмасу жобасына Шымкент қаласының ауруханаларынан келген бес дәрігер және бес медициналық бикелер қатысты.

Кардиология, онкология және медбикелер қызметтері бағыттарын қамтитын тәжірибе алмасу барысында қазақстандық дәрігерлер түрік медицинасының жүйесі, емдеу тәсілдері және заманауи құрал-жабдықтарымен танысты.

Алдағы кезеңде бауырлас мемлекеттер арасында медицина саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мақсатында 2024 жылғы сәуір айында Анадолу клиникасының дәрігерлері Шымкент қаласындағы дәрігерлер семинарына қатысып, әрі қарай тығыз байланыста жұмыс істеу бойынша келісімге қол жеткізді.

Тәжірибе алмасу жобасының қорытындысы бойынша қазақстандық дәрігерлерге халықаралық сертификаттар табысталды. Шымкент қаласының дәрігерлері жоба нәтижесінде үйренген тиісті медициналық емдеу тәсілдерін Қазақстанда іске асыратындықтарын атап өтті.