Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының  қорытындылары туралы

    2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. ҚР Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытындыларға сәйкес қазіргі Президент Қ.Тоқаев 81,31% дауыс алып, сайлауда жеңіске жетті.                                       Сайлау барысында Қазақстанның шетелдегі мекемелері бар 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды. Бұл сайлау учаскелеріне 12 841 дауыс беруші алдын ала тіркелді. Нәтижесінде 11 360 азамат дауыс беруге қатысты, бұл
дауыс берушілердің келуінің 88,47%-ін құрады.
    Шетелдегі ең белсенді дауыс берушілер арасында Түркиядағы азаматтар Ресейден кейін екінші орында. Түркияда үш сайлау уческесі (Анкара, Ыстанбұл, Анталья) құрылды. Соның ішінде Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығында ашылған №255 сайлау учаскесіндегі дауыс берушілердің қатысуы 100% құрады. Дауыс беруге Ыстанбұлдан басқа Бурса, Измир,
Сакарья сияқты қалалардан да сайлаушылар келді.