Ыстанбұл әуежайында қалып қойған азаматтар туралы

Ыстанбұл әуежайында қалып қойған азаматтар туралы

24 қаңтардан бастап Ыстанбұлда ауа райының күрт өзгеріп, қалың қар жауғаны салдарынан халықаралық әуежайдағы барлық рейстер уақытша тоқтатылды.

«Air Astana» әуекомпаниясының өкілдерінің хабарлауынша:

  • Қазақстанға ұшуы жоспарланған барлық ұшақ рейстері белгісіз уақытқа шегерілді;
  • Қалып қойған ұшақ жолаушыларына тамақ берілуде, қонақ үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде;
  • Жолдардың жабылып, көлік қозғалысының қиындауына байланысты аталған шараларды орындау барысында кешігулер болуы мүмкін.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы азаматтар мен «Air Astana» өкілдерімен тікелей байланыста.